Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді — Р. Дәленов Президент Жолдауын іске асыру туралы

Жұма, 04 Қыркүйек 2020, 17:33:54

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Біз не істейміз? Реттеудің жаңа тәсілдері әзірленеді. Реттеу қағидаттары өзгертілді — бұл есептілік, талап ету, лицензия және тексеру жүйелері», — деп хабарлады министр.

Оның айтуынша, бүгінде бизнес есептіліктің 639 түрін ұсынады. Сондай-ақ қаржылық, салықтық, статистикалық есептер бар. Автоматтандыру мен интеграцияның арқасында есеп беру мүмкіндігінше қысқартылады деп жоспарланып отыр.

Бизнеске қойылатын талаптардың саны шамамен 13 мыңды құрайды – бұл санитарлық, құрылыс, еңбек, экологиялық және басқа да нормалар. Олардың барлығы бизнеске кедергі келтіретін қарама-қайшылықтар мен ескірген ережелерден тазартылады.

Лицензиялар мен рұқсаттар

«Олар жалпы 300-ге жуық, тексерістен өтеді. Мемлекеттік органдар қандай да бір лицензиялар мен рұқсаттардың одан әрі әрекет ету қажеттілігін дәлелдеуі тиіс болады», — деп атап өтті Р. Дәленов.

Тексеру жүйесі

«Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы жариялаған шағын және микро бизнесті тексеруге орнатылған мораторий бар. Алдағы уақытта барлық тексерулерді барынша профилактикалық бақылауға көшіру көзделген. Олардың көпшілігін ақпараттандыру мен диагностикаға көшіруге болады. Жалпы, бұл ауқымды жұмыс», — деді министр.

Р. Дәленовтың пікірінше, қазіргі уақытта елімізде реттеуді жаңадан енгізуге мүмкіндік бар.

Мемлекеттік құрылымдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын қысқарту процесі туралы сұраққа жауап бере отырып, министр қалған мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігі факторлық-балдық шкаланы енгізгеннен кейін қызметкерлердің жалақысын қысқарту мен ұлғайтуға ғана байланысты болмайтынын түсіндірді. Штат санын оңтайландыру бизнес процестерді оңайлатумен, автоматтандырумен сүйемелденетін болады. Сонымен қатар бірқатар басқару буындарын қысқарту ұсынылады.

«Ерекше ынталандырушы фактор – бұл жалақының, әсіресе төменгі лауазымдардағы қызметкерлердің еңбекақысының өсуі болады. Өткен жылы олардың жалақысы 25%-ға өсті. Штат санын оңтайландырудың арқасында жалақыны орта есеппен тағы 15%-ға арттыру мүмкіндігі болады», — деді Р. Дәленов.

Салық салу

Министр атап өткендей, қазіргі таңда салық санын азайту мәселелері белсенді түрде пысықталып жатыр.

Екі салықты бір төлемге біріктіру және бір салықты алып тастау бойынша ұсыныстар дайындалды. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық пен жеке тұлғалардан алынатын жер салығын бір төлемге біріктіру ұсынылады — бұл түбіртектерді, банк комиссияларын және т. б. толтыруға кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін жер салығын алып тастау ұсынылады, бұл салық төлеу кезіндегі қателіктерді азайтады және күрделі есептеулерден босатады.

«Бұл шамамен 3 млн салық төлеушіге әсер етеді. Жаңа ұсыныстар, мысалы, салықтар мен еңбекақы төлеу қорынан ұстап қалу мәселелері жеке қаралатын болады. Олар бір төлемге біріктірілуі мүмкін, бұл шағын және орта бизнес үшін төлемді едәуір жеңілдетеді. Бұл сондай-ақ ірілендірілген төлемдерге оңтайландыруға болатын рұқсаттарды беру үшін қажетті түрлі төлемдер мен алымдарға да қатысты», — деп түсіндірді Р. Дәленов.

Енгізу мерзіміне келер болсақ, ұсыныстар дайындалды, енгізу мерзімі 2021 жылдан бастап болжануда, деп атап өтті министр. Енгізілуі әлі талқыланып жатқан басқа төлемдер бойынша мерзімдер 2022 жылдан бастап белгіленген.

Өңірлерді дамыту

Р. Дәленов сондай-ақ өңірлік даму және әрбір нақты өңірдің бәсекелестік артықшылықтарын арттыру үшін қандай міндеттер мен тәсілдер әзірленеді, ауылдық жерлердің әкімдерінің дербестігі қалай артады және ауылға мемлекеттік бағдарламалар қалай әсер етеді деген сұрақтарға жауап берді.

Министрдің айтуынша, өңірлік даму мен аумақтарды дамытудың жаңа тәсілдері әзірленеді. Әрбір өңір үшін өсу нүктелері, бәсекелестік артықшылықтар, өндіріс мүмкіндіктері және жұмыс орындарын құру мәселелері айқындалады.

«Мұның бәрі Елдің аумақтық кеңістіктік дамуының болжамды схемалары деп аталатын пысықталып жатқан құжатта көрініс табады. Екіншіден, “Ауыл – ел бесігі” жобасы бойынша ауылдарды жаңғырту жалғасады. Биыл 216 ауыл жаңғыртылады – бұл ауыл мектептерін, спорт кешендерін, амбулаторияларды, жолдарды салу және жөндеу, жарықтандыру, инженерлік желілер салу. Мұндай жұмыс 2021 жылы да атқарылады», — деп түсіндірді Р. Дәленов.

Сондай-ақ ауылдық округтердің қаржысы, табыстың бір бөлігі күшейтіледі — 4 түрі округ бюджеттеріне беріледі, тиісінше, ауыл тұрғындары жергілікті қоғамдастықтың жиналысы арқылы көптеген мәселелерді шеше алады. 2353 ауыл мен ауылдық округ үшін қаржылық мүмкіндіктер артады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу жоспарда бар, онда ауыл әкімдерін сайлау, мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту секілді мәселелер көрініс табады. Жалпы алғанда, округ бюджетін қалыптастыруға ауыл тұрғындарының белсенді қатысуы көзделуде.

«Бұл жұмыстың барлығы өңірлердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, ауылдарды жаңғыртуға, сондай-ақ жергілікті өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға халықтың белсенді қатысуын арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.