Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Президентінің Жолдауы: Қаржы министрлігі көлеңкелі экономикамен күрес бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр

Жұма, 04 Қыркүйек 2020, 13:14:05

ҚР Үкіметінде өткен брифингте қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметінің жұмысын қайта бағдарлауды тапсырды. 

Министрдің айтуынша, Экономикалық тергеу қызметі жалған шот-фактураларды шығаруға, салық төлеуден жалтаруға, капиталдың заңсыз әкетілуіне, бюджет қаражатын ұрлауға, мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтауға баса назар аударады. Осы бағыттардағы жұмыс кешенді жедел-профилактикалық іс-шараларды (бұдан әрі — ЖПІ) талдау және жүргізу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі таңда прокуратура және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, шот-фактуралардың жалған көшірмелеріне қарсы тұруға және салық төлеуден жалтаруға бағытталған «STOP-ОБНАЛ» ЖПІ іске асырылуда.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында бюджет қаражатын ұрлауды анықтауға бағытталған «Қазына» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Мұнай мен мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына, сондай-ақ капиталды шетелге заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл бойынша осындай жедел іс-шараларды іске қосу жоспарда бар. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес саласында біз оң нәтижелерге қол жеткізгенімізді атап өткен жөн.

«Соңғы бес жылда алғаш рет заңсыз ақша айналымы деңгейінің 40%-ға төмендегені байқалады. Тек соңғы жылдың өзінде 39 ұйымдасқан қылмыстық топ залалсыздандырылды, алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру бойынша 50-ден астам жасырын цехтың қызметі тоқтатылды. 746 заңсыз ойын мекемесі мен жалған ақша шығаратын 5 цех жойылды», — деді Е. Жамаубаев.

Айта кету керек, Министрлік көлеңкелі экономикамен күрес бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыста, Мемлекет басшысының Жолдауында атап өтілгендей, салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру шаралары маңызды рөл атқарады.

Астана-1, электрондық шот-фактуралар, бақылау-кассалық машиналар және тәуекелдерді басқару жүйесі секілді жүйелердің интеграциялануының арқасында бүгінде тауардың импорттан (өндірістен) бастап оны түпкілікті тұтынушыға сатқанға дейінгі қозғалысын қадағалау қамтамасыз етілуде, сатудың әрбір кезеңінде тауарлардың үстеме бағасы айқындалады, соның арқасында салықтардың дұрыс төленуін бақылау жүзеге асырылады.

Көлеңкелі үлесі жоғары және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін кейбір тауарлар әр бірлігін физикалық бақылауды қажет етеді. Ол үшін тауарлардың кейбір санаттарын таңбалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, мысалы, үлбір, пилоттық режимде темекі өнімдері, алкоголь өнімдері, дәрі-дәрмектер және т. б.

Жолдауда салық міндеттемелерін орындауды түбегейлі жеңілдету және бизнесті несиелеу бойынша жұмысты жетілдіру бойынша міндеттер қойылды. Алға қойылған міндеттерді орындау көлеңкелі экономиканың төмендеуіне де тікелей әсер етеді.

Осылайша, барлық ЖК үшін жыл соңына қарай пилоттық режимде тіркеу сәтінен бастап ЖК-ні тарату мен есеп тапсыруға дейінгі барлық үдерістерді барынша оңайлататын қосымша іске қосылады.

ЕДБ-мен интеграциялау есебінен бизнес мобильді қосымша арқылы тікелей жылдам әрі арзан несиелер ала алады.

Цифрлық құралдарға толығымен көшетін кәсіпорындар үшін (БКМ, төлем құралы, МКК АЖ-мен біріктірілген есеп жүйесі) ҚҚС бойынша шекті бес есеге артады. Бұл сонымен қатар бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын нақты айналымды көрсетуге мүмкіндік береді. Қабылданған шаралардың арқасында 2020 жылдың 8 айының өзінде бюджетке қосымша 200 млрд-тан астам теңге түсті.

Е. Жамаубаев сондай-ақ, шағын және орта бизнес үшін жалдау ақысын есептеуді тоқтату үшін жалға алушылар gosreestr.kz веб-порталы арқылы ЭЦҚ-мен жыл соңына дейін жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру туралы қосымша келісімдер жасасуға өтінім беруі тиіс екенін хабарлады.

«Өтінімдерді өңдеу Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлеріне келіп түсуіне қарай бір сағат ішінде жұмыс уақытында жүзеге асырылады», — деп атап өтті қаржы министрі.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне меншік құқығында тиесілі объектілер бойынша жалға алушылар – ШОБ субъектілері жалға берушілерге осы жылдың соңына дейін жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Егер жалға алушы ШОБ субъектілеріне жатпаса, жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұруға рұқсат берілмеуі мүмкін.

Қазіргі таңда республика бойынша 12 574 жалдау шарты тіркелген, оның ішінде республикалық меншік бойынша – 2 441, коммуналдық меншік бойынша – 10 133, олар бойынша жалпы төлем ай сайын шамамен 279 млн теңгені құрайды.

Мемлекеттік меншікті жалға беру Портал арқылы жүзеге асырылады, осыған байланысты ММЖК «АЕО» АҚ-ға (мемлекеттік мүлік тізілімінің операторы) жалға алушылардың жыл соңына дейін жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұруға өтінімдер беру мүмкіндігі тұрғысынан порталды пысықтау бойынша жұмыстар жүргізу туралы хат жолданды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.