Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияны таратпау және оның алдын алу бойынша шаралар кешенін қабылдады 

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020, 14:46:24

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясының тасымалдануының және таралуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар кешені туралы айтып берді, сондай-ақ жуырда ҚХР-дан келген қазақстандықтарға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты. 

Бүгінгі таңда ҚХР-да 30 провинцияда 4515 жаңа коронавирусты пневмониямен сырқаттану оқиғасы тіркеліп, нақтыланды, оның ішінде 106 жағдай адам өлімімен аяқталды. 

Хубей провинциясының 15 қаласында карантин енгізілді, тұрғындарға қаладан кетуге тыйым салынды, авиарейстердің, автобустар мен пойыздардың келуі мен кетуі тоқтатылды.

Әлемде 15 елде коронавирустың жаңа түрімен аурудың 60 расталған жағдайы тіркелген.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, 6 қаңтарда бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қазақстанда инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында санитарлық бақылауды күшейту туралы қаулысы қабылданды.

Бірінші кезекте, әуежайлар мен вокзалдарда санитарлық бақылау шаралары күшейтілді, коронавирустың ел аумағына енуіне және тарауына қарсы іс-қимыл шаралары қабылдануда.

«6 қаңтардан бастап Қытайдан келген барлық азаматтарды тексеру жүргізілуде, оның ішінде тексеру жылу өлшегіші арқылы жүргізілуде. Температурасы бар барлық адамдарға сауалнама толтырылып, олар тұрғылықты жері бойынша есепке қойылады», — деді министр.

Бүгінгі таңда ҚХР-дан 25858 адам келді, бұл Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтары. Барлық деректер Денсаулық сақтау министрлігіне және одан әрі бақылау комитеті (ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті) арқылы тұрғылықты жері бойынша тексерулер, азаматтармен байланыстар жүргізіледі.

«Келушілердің арасында ЖРВИ белгілері бар адамдар болды. Қазіргі таңда температурасы жоғары 23 жолаушы келді, оның ішінде төртеуі ЖРВИ-инфекциясына күдікпен ауруханаға жатқызылды. Вирусты инфекциялар арасында айқын айырмашылық жоқ болғандықтан, біз ЖРВИ-ға күдіктенумен емдеуге жатқызамыз. Ауруханаға жатқызылғандардан барлық қажетті қан анализдері алынды. Үш тәулік ішінде егжей-тегжейлі диагностика жүргізіледі. Тиісті ем басталды», — деп түсіндірді Е. Біртанов.

Ведомство басшысының айтуынша, егер жаппай тарау орын алатын жағдай болса, бұрыннан бар төсек орындарына қосымша 4,5 мыңнан астам төсек орны бар.

«Барлық өңірлер бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді, медициналық қызметкерлер арасында қосымша оқыту жүргізіліп жатыр. Үкімет резервінен пациенттердің немесе инфекцияға күдікті адамдардың саны артқан жағдайда қосымша қаржыландыруға тапсырыс береміз. Мұндай жағдайларда қабылданатын жеке қорғану құралдары, дезинфекциялық құралдар мен медициналық құралдар қосымша сатып алынатын болады. Медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті ресурстар бар, дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қосымша қоры бар», — деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, Е. Біртанов Қытайдан келуші Қазақстан азаматтарына кеңес берді. 

«Соңғы 14 күн ішінде ҚХР-дан, сондай-ақ шектес елдерден келген барлық азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға келіп немесе қоңырау шалып, дәрігерлерге тіркеліп, денсаулығында қандай да бір проблемалар бар болса хабарлай алады. Бұл азаматтардың жеке қауіпсіздігі үшін қажет, біздің медицина саласының мамандары денсаулық нашарлаған жағдай болып жатса, сізді және сіздің отбасыңыздың мүшелерін қауіпсіздендіре алып, шаралар қабылдауы үшін бақылау жүргізуі тиіс», — деп түйіндеді Е. Біртанов.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ауыру жағдайлары тіркелмеген. ҚХР-мен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде 19 990 адам қаралды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.