Үкімет отырысының кулуарында: жеңілдетілген автонесие беру, өнімдерді импорт алмастыру және шаруаларды қолдау

Елордалық журналистердің сейсенбідегі таңы дәстүрлі түрде Үкімет үйінде өтті.

Апта сайын ҚР Үкіметі отырысынан ақпарат тарату үшін жүзге жуық журналист, бейнеоператор және фотограф аккредиттеуден өтеді.

2 мамырдағы күн тәртібінде әлеуметтік маңызды тақырыптар – қалалар мен ауылдардың тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту шаралары талқыланды.

«Хабар» телеарнасының тілшісі Назымгүл Күмісбаева Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке сауал қойды.

Бұл күні индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев басты назарда болды. Оның жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасындағы жоспарланған өзгерістер туралы түсіндірмесі барлық жаңалық ленталары мен ел жұртшылығына тарап кетті.

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төңірегінде үнемі камералар көп. Бұл жолы журналистерді азық-түлік өнімдерін, атап айтқанда, тауық еті, ірімшік, сүзбе, сары май және т. б. импорт алмастыру мәселесі қызықтырды.


Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Ербол Қарашөкеев шаруаларға жеңілдікпен несие беру шарттарына тоқталды.


БАҚ өкілдерінің әрдайым сұрағы көп, ал министрлердің уақыты шектеулі. Алайда министрлер журналистерге бөлінген аздаған минуттың өзінде толыққанды әрі мазмұнды түсініктеме жасап үлгереді.

#Брифинг

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу