Базалық зейнетақы тағайындау әдістемесін өзгерту туралы баспасөз конференциясы өтеді

Дүйсенбі күні, 25 маусымда, сағат 11:20-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау әдістемесін өзгерту жөнінде брифинг өтеді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова шара спикері болады. 

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук«Вконтакте»ТвиттерПерископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу