Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру жобасы 131 мың отбасының әл-ауқатын жақсартады

Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019, 11:54:14

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба қаралды.

Жоба туралы Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов толық баяндады. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының саны - 1 млн 125 мың адам, оның ішінде 680 мың адам (60%) ауылдық жерде тұрады. Өңір әкімінің айтуынша, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдаудың мақсатты мемлекеттік саясаты қажет. 

«Жеке қосалқы шаруашылықтарды өндіріс пен табыс көзі ретінде қарауға толық негіз бар. Бұған  ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 43%-ы мен ет пен сүттің 60%-ыны4 жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріліп отырғаны дәлел. Әрі, бұл мемлекеттің қолдауынсыз істеліп отырған шаруа», — деді А. Мырзахметов. 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша берген  тапсырмасы бойынша облыстағы барлық 138 мың аула араланды. Талдау нәтижелері жеке қосалқы шаруашылықтың бір ауласынан орта есеппен табыс айына 25-30 мың теңгені құрайтынын көрсетті. Оған қоса, табысы айына 500 мың теңгені құрайтын жеке қосалқы шаруашылықтар да бар. 

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратынша, көбіне-көп жеке қосалқы шаруашылықтар ұйымдастыру мәселелерінің шешілмеуінен жоғары табыс таппайды. Мысалы, орталықтандырылған сатып алулар мен өткізулердің, жем-шөп базасының, қажетті техника мен технологиялардың болмауы, қаражаттың жеткіліксіздігі. 

Тұрғындардың табысын арттыру мақсатында Жамбыл облысының әкімдігі шаралар кешенін іске асыруды жоспарлап отыр, оның ішінде: 

  1. Өсімдік шаруашылығы үшін үйдің жанындағы жер телімдерін тиімді пайдалану. 

  2. Үй жанындағы аулаларды мал шаруашылығы үшін тиімді пайдалану.

  3. Үлестік жерлерді тиімді пайдалану.

  4. Әрбір ауылдық округте қажетті құралдары, техникасы, жабдықтары мен айналым қаражаттары бар кооперативтер құру.

  5. Шағын жобаларды барынша қаржыландыру үшін жағдайлар жасау.

 Аталған бес шараны іске асыру үшін 31 мыңнан аса жобаны іске асыру қажет. 

Облыс әкімдігінің болжамдарына сәйкес, аталған шараларды қабылдау 131 мың отбасыны (600 мыңнан аса адамды) ай сайын 128 мың теңге көлемінде тұрақты қосымша табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қазіргі табыс деңгейінен 4 есе артық. 68 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкерге айналады. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 34%-ға артады. Ет пен сүт өңдейтін кәсіпорындар жүктемесі 30%-ға ұлғаяды. Жаңа өңдеу кәсіпорындарын ашу мүмкіндігі пайда болады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны кемінде жартысына көбейеді. 

«Жобаның ауқымдылығы мен қаржыландырылу мәселелерін ескере отырып, біз биыл оны облыстағы әр ауданның бір ауылдық округінде іске асыра бастауды ұсынамыз. Нәтижесінде 10 ауылдық коруг пен 23 елді мекен қамтылатын болады. Ол үшін 7,2 млрд теңге көлемінде қаражат қажет», — деді әкім.

Жобаны іске асырудың екінші кезеңі 2020–2021 жылдарға жоспарланған.  

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов өз кезегінде Жамбыл облысының әкімдігі әзірлеген облыс жұртшылығының әл-ауқатын жақсарту бойынша жобаның уақытылы әрі қажетті екенін атап өтті.

Статистикалық органдардың ресми мәліметтері бойынша биыл Жамбыл облысында табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,4%-ды құрады, бұл көрсеткіш республикалық деңгейден (4,1%) 1,3%-ға жоғары. Әсіресе, ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш өте жоғары – 6,7%. Сонымен қатар, жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыс облыста 66,3 мың теңгені құрайды немесе республикалық орташа көрсеткіштің 68%-ына ғана жетеді (97 мың теңге).

Ал, облыстағы жұмыс күшін саралайтын болсақ 506 мың жұмыспен қамтылғандардың 35%-ы немесе 177 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оның ішінде 8,3 мың адам нәтижесіз жұмыспен қамтылған. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жамбыл облысында пилоттық жобаны іске асыру туралы шешімнің себебі де осы. 

«Сондықтан, еліміздегі барлық әкімдіктер ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін, оның ішінде нақты табысын толықтай зерделеп, олардың тұрмыс деңгейін арттыру мүмкіндіктерін іздестіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізгенін ескере отырып, осындай әлеуметтік зерделеу жұмысын қолға алу қажет деп санаймыз», — деді Б. Нұрымбетов.

Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған мәліметтер бойынша зерттелген 368 мың ауыл тұрғындарының тек 54%-ы немесе 177 мың адам тұрақты табысқа ие. Соның салдарынан республика бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылардың 9,6%-ы Жамбыл облысының тұрғындары болып келеді (39 мың отбасы). 

«Осыны баяндай отырып, облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға қатысты жобасын пилоттық негізде іске асыру қажет деп есептеймін», — деді Б. Нұрымбетов

Пилоттық жоба 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» нтиәжелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулы жобасы әзірленіп, онда келесі өзгерістер көзделген:

- пилоттық жоба шеңберінде берілетін микрокредиттер ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісі айқындайтын сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі;

- пилоттық жоба шеңберінде бюджеттік кредит мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 жылға беріледі;

- ал қатысушыларға берілетін микрокредиттің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға қатысты жоба облыстағы 131 мың отбасының табысын арттыруға, оның ішінде 70 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтыған және нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтардың жеке кәсіпкер ретінде қалыптасуына, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын азайтуға өз септігін тигізетініне сенеміз», — деп түйіндеді Б. Нұрымбетов.

Бұл жобаға қатысты өз пікірін ауыл шаруашылығы вице-министрі Р. Құрманов мәлім етті. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын несие ұсыну бойынша қатысады. Бұл мақсаттарға биыл 64,7 млрд теңге бөлінді, оның есебінен 17 мың шағын несие беру жоспарланған. Қазір 31 млрд теңге сомасына 8 мың шағын несие берілді немесе 48%.

«Жамбыл облысының әкімдігінің ұсынысы бойынша «Еңбек» бағдарламасын кеңейтіп, Жамбыл облысының тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді көтеру бойынша пилоттық жобаны жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, ұсақ шаруашылықтарды жеңілдікпен несиелендіру арқылы кеңейту ұсынылады», — деді Р. Құрманов.

Пилоттық жобада сенімді агент арқылы 7,2 млрд теңге сомасына шағын несие ұсыну қарастырылған. Бұл ретте, түпкі сыйақы мөлшерлемесі жылына 2,5% құрайды. Жобаның ұсақ өндірушілердің ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға негізделетінін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай пилоттық жобаны іске асыруды қолдайды. 

ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Б. Сапарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтардың ең көп саны Жамбыл облысында тұрып жатқанын атап өтті және өңір әкімдігі ұсынған жобаның маңыздылығын айтты. Оның іске асырылуы ауыл тұрғындарына өздерін қамтамасыз етіп, өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін жер телімдерін пайдалану мен мал шаруашылығы бойынша жаңа мүмкіндіктер туындайды. Кемінде 90 мың жұмыс орны құрылып, АӘК алушылар саны азаяды. Ең бастысы - барлық шаралар түбегейлі атқарылуы тиіс. 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.