20 Қыркүйек 2024, 16:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкімет пен әкімдерге 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек екенін тапсырды.
Қазір бұл көрсеткіш – 7 пайыз шамасында. «Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет. Сонда шағын бизнес орта бизнес санатына өтуге мүдделі болады», – деп атап көрсетті Президент.
Бұл тұрғыда Ақтөбе облысы шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын атқаруы жөнінен өңірлер бөлінісіндегі жобалар саны бойынша көшбасшылар тізімінде тұр. Өңірдегі өзге де атқарылып жатқан жұмыс нәтижесі туралы толығырақ PrimeMinister.kz сайты редакциясының шолуынан біле аласыздар.
2024 жылы мемлекеттік қордан кәсіпкерлікті қолдау үшін 14,7 млрд теңге бөлінді оның ішінде: 2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 1 291 жоба қолдау тапты. 1 291 қолдау тапқан жобаның 328-і, яғни, 25%-ы, аудандарға тиесілі.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 84,8 мың бірлікті құрады.
Жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілері 407 бірлікке өсіп, қазіргі уақытта жалпы саны 84 226 бірлікке жетті. ШОБ субъектілері өндірген өнім, орындаған жұмыс және көрсеткен қызмет көлемі 425,1 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 8 айда Ақтөбе облысының өнеркәсіп көлемі 6,9%-ға артып, 1,7 трлн теңгеге дейін; өңдеу өнеркәсібі – 15%-ға, 699,2 млрд теңгеге дейін өсті. Өңірлік пулға бүгінде ТКМ, құрылыс индустриясы, энергетика, мұнай-газ химиясы сияқты және басқа да салаларда құны 3,9 трлн теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба кіреді. Оларды іске қосу 15 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Аталған кезеңде өңірде тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталып, өңір экономикасының өсу қарқыны 109%-ды құрады.
Жалпы салалар бойынша, өнеркәсіп өнімінің өсімі – 108,4% (1 480,0 млрд теңге), ауыл шаруашылығы – 100,5% (140,9 млрд теңге), құрылыс жұмыстары – 110,4% (141,9 млрд теңге), көлік және қоймалау – 107,5% (270,8 млрд теңге), көтерме және бөлшек сауда айналымы 113,8% (1 161,6 млрд теңге) құрады. Жыл қорытындысы бойынша барлық бағытта өсім болу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.
Инфрақұрылымды дамыту үшін облыста жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Облыста бүгінде құрылыс жұмыстарының көлемі 177,0 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 112,2%. Өңірде 487,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Алдағы жылыту маусымына әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді дайындау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Жалпы дайындық 98%-ды құрайды. Бюджеттік ұйымдар үшін алдағы жылыту маусымына қажетті көмір отыны – 26 738,9 тоннаны және дизель отыны – 1 622,3 тоннаны құрап отыр, оның ішінде 26 436,0 тонна (98,9%) көмір, 1 622,3 тонна (100%) дизель отыны жеткізілді.
Алдағы жылыту маусымына халықтың қажеттілігі үшін 21 500 тонна көмір қажет болса, оның бүгінге 9 150 тоннасы (43%) тасылды. 2 вагон жол үстінде (2 – Қандыағаш).
Жылыту маусымына дайындық барысы облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.
2024 жылғы 7 айда өнеркәсіптің нақты көлем идексі (НКИ) 108,4%-ды немесе 1 480 млрд теңгені құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде НКИ 100,9% құрады немесе 783,5 млрд теңгеге өнім өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінің НКИ 118,2%-ға тең немесе 603,4 млрд теңгеге өнім өндірілді. Жалпы өнеркәсіптегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 40,8%-ды құрайды.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының тұтынатын электр қуаты орта есеппен 947 МВт-ты құрайды, оның ішінде жергілікті энергия көздерінің генерациясы – 496 МВт (52%), сыртқы энергия көздерінен 451 МВт (48%) мөлшеріндегі электр энергиясы алынады.
Жүктеменің ұлғаю динамикасынан, сондай-ақ «KEGOC» АҚ болжамына сәйкес Ақтөбе облысында 2028 жылға қарай электр энергиясының тұтыну мөлшері 1 270 МВт-ты құрайды деп жоспарлануда.
Осы орайда, 2028 жылға қарай электр энергиясының теңгерімін қамтамасыз ету үшін облыста 2023 жылы Ақтөбе ЖЭО аумағында қуаты 57 МВт болатын Кәдеге жаратушы қазандығы бар газ турбиналық қондырғы салынды.
Болашақта қуаты 90 МВт болатын дәстүрлі энергия көздерін және 653 МВт жаңартылатын энергия көздерін салу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында шамамен 14 697 жұмыс орнын ашуды көздейтін, жалпы сомасы 4,3 трлн теңгеге 69 жоба, оның ішінде инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы шеңберінде жалпы сомасы 2,5 трлн теңгеге 9 185 жұмыс орнын ашатын 26 ірі жоба іске асырылуда.
Көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысы бойынша 4087 үй су тасқынынан зардап шекті. 3074 үй жөндеуден өтті. Апатты деп танылған 1013 үйдің 500-і бойынша жаңа үй салынып, 513 үй сатып алынды.
3 495 отбасы 9,9 млрд теңге сомасында материалдық шығын үшін өтемақы алды. Мал шығынын өтеу бойынша 4664 бас малға 1,1 млрд теңге төленді. 4 424 отбасы 1,6 млрд теңге сомасында 100 АЕК біржолғы төлем алды. Зардап шеккен 31 кәсіпкерлік субъектісіне 404,6 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілді.
Төтенше жағдай кезеңінде жарықсыз қалған 51 ауыл қалпына келтіріліп, 500-ден астам бағана ауыстырылды. 47,2 км жол төсемін ауыстыру, 23 көпір мен 100 су өткізгіш құбырды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бүлінген учаскелерді қалпына келтіруге Үкімет резервінен 10,2 млрд теңге, облыстық резервтен 6,1 млрд теңге бөлінді.
Барлығы 13 білім беру, 2 медицина, 3 мәдениет, 2 спорт нысандары зақымданған (6 балабақша мен 7 мектеп). Нысандарды жөндеу немесе құрылысын жүргізуге 8,1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Жалпы, су тасқыны кезеңінде 15 бөгет бұзылып, қазіргі уақытта бүлінген гидротехникалық құрылғылар бойынша 1,9 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүруде. ҚР Үкіметінің резерві есебінен 2,6 млрд теңге сомасына өтінімдер берілді, Үкімет қаулысының жобасы келісу сатысында тұр. Қаражат мәселесі толық анықталғаннан кейін (бөлініп) барлық тиісті жұмыстар міндетті түрде жүргізілетін болады.
Облыстағы өзекті мәселенің бірі – жолдардың тозуы. Автожол саласын дамыту мақсатында ағымдағы жылы 69,5 млрд теңге көзделген. Аталған қаражат есебінен 557,8 км автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар жолдардың – 368,6 км және қалалық және кентішілік жолдардың (303 көше) – 189,2 км құрылысы басталды.
Осылайша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль жолдарының үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 80%-ға дейін жетеді деп күтілуде.
Жергілікті маңызы бар ірі жол жобаларының ішінде 115-145 км учаскесі «Шалқар-Бозой-ӨР шекарасы (Нукусқа)» жолдарының құрылысын атап өтуге болады.
Қазіргі таңда облыс бойынша 63 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: 46 – қалалық, 10 – облысішілік, 2 – облысаралық, 5 –халықаралық маршруттар.
Жолаушыларды қалааралық облысішілік тұрақты тасымалдау 10 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Облыс орталығы – Ақтөбе қаласындағы ең маңызды мәселелердің бірі – жол. Ақтөбе қаласының 198 көшесін немесе 84,4 км жолын халық үшін, оның ішінде тұрғын алаптарда, елді мекендерге кіреберістерде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде, мектептерде, шағын аудандарда және т. б. нормативтік жағдайға келтіру бойынша ауқымды жұмыстар басталды.
Биыл халықты жұмыспен қамтамасыз етудің Жоспарына сәйкес барлығы 53 000 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, 2024 жылдың 1 қыркүйегіне барлығы 39 110 адам жұмылдырылды немесе 73,8%.
Бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейі – 4,7%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 77,9 мың адам немесе 2024 жылғы 2 тоқсандағы экономикалық белсенді халық санының 16,1%-ы. 2024 жылғы ІІ тоқсандағы орташа айлық номиналды жалақы 370 538 теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 14%-ға артық. Тиісті басқармамен бос орындар жәрменкесі және да басқа жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша 26 жобаны іске асыру үшін 9,7 млрд теңге бөлінді, жыл қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға 5 ауыл қосылып, 2 ауылда КБМ орнатылады. Қамтамасыз ету деңгейі 99,5% жетеді.
Ақтөбе облысы өндірісті аймақтың бірі. Осыған орай, экология мәселесі де өзекті. Бүгінгі таңда облыс бойынша 323 елді мекен бар, бұл ретте қатты тұрмыстық қалдықтардың 15 көму орны полигон мәртебесіне ие, оның 9 коммуналдық және 6 вахталық кенттерге қызмет көрсетеді. Қалған елді мекендерде қалдықтар арнайы бөлінген жер учаскелеріне көміледі.
Жергілікті атқарушы органдар көмілетін қалдықтарды инертті материалдармен тығыздау және төгу, сондай-ақ учаскелерді үйіп тастау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасына бүгінгі күні 326 203 тұрғын, 6 996 мекеме мен кәсіпорын қатысты, шара барысында 75 590 аула (2 878 көппәтерлі тұрғын үй 72 712 жеке тұрғын үй) жиналып, 1 473 әлеуметтік нысандар қамтылды.
Сондай-ақ 287 саябақ пен сквер ретке келтірілді. Елді мекендер аумағында 328 672 ағаш және 6 415 бұта отырғызылды.
Сонымен қатар бүгінгі таңда «Қазхром» ТҰК АҚ өз қаражаты есебінен қалада 3000 көшет отырғызылды. Жалпы екі жазғы суаруға және күтімге 68 млн. теңге қарастырылған.
Аумақтарды жинау үшін 4 597 бірлік техника тартылып, қатты тұрмыстық қалдық полигондарына 51 562 тонна қалдық шығарылды.
2024 жылғы 7 айында ауыл шаруашылығы саласында 140,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп нақты көлем индексі 100,5%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында ағымдағы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 15,8 млрд. теңге қаражат бөлінді.
Мал шаруашылығына – 5,6 млрд теңге;
Өсімдік шаруашылығына – 1,0 млрд теңге;
Сыйақы мөлшерлемені субсидиялау – 5,3 млрд тенге.
Инвестициялық субсидия – 2,5 млрд теңге;
Басқа да субсидиялар – 1,4 млрд тенге.
Бүгінгі күні бөлінген қаражаттың 11,0 млрд теңгесі (70%) игерілді.
«Мал шаруашылығы»:
Көрсетілген мемлекеттік қолдау нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында төрт түлік малдың өсімі сақталуда.
МІҚ – 117,8%-ға (618,4 мың бас);
Қой мен ешкі – 100,0%-ға (1271,9 мың бас);
Жылқы – 118,7%-ға (329,1 мың бас);
Түйе - 110,0%-ға (23,8 мың бас) құрады.
Ет өндірісі - 61,2 мың тонна (101,0%), сүт өндірісі – 101,0 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырған 100,5%-ға өсті.
Машина-трактор паркін жаңарту бойынша облыс бойынша 822 дана әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
Қайта өңдеу саласы:
Облыс бойынша барлығы 100 астам ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар бар, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 11 сүт өңдеу зауыты, 22 ет өңдеу цехы (шұжық, тұшпара).
Сүт өңдеу саласы бойынша бүгінгі күнге облыста 4 ірі сүт зауыты жұмыс істеп тұр. Олар: Ақтөбе қаласындағы «Айс-плюс» ЖШС мен «Молочные истории-А» ЖШС, Мәртөк ауданындағы «Мәртөк-сүт» ЖШС және Хромтау ауданындағы «Агрофирма «Тау» ЖШС.
Ет өңдеу саласы бойынша облыста 11 ірі кәсіпорын бар:
«Актюбинский мясной кластер» ЖШС, «АТК «Айбек» ЖШС, «Компания Рокос ЛТД» ЖШС, «Тандем W» ЖШС, «Бал-Юн» ЖШС, «Глобал Мастер Групп» ЖШС, «Анвар» ЖШС, «Геба» ЖШС, «Степное» ЖШС, ЖК Абрамян, және ЖК Габор.
Егін жинау туралы:
2024 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 677,1 мың га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар
403 мың га, майлы дақылдар 48,4 мың га, мал азығы дақылдары 220,5 мың га, картоп 2,8 мың га және көкөніс-бақша дақылдары 2,5 мың га.
Егін жинау жұмыстарына 1,5 мың трактор, 700 жуық астық ору комбайнын, 800 жуық трактор тіркемесі мен 500 жуық жүк автомобильдерін жұмылдырылады.
Күзгі далалық жұмыстарына қажеттілікті толық көлемінде қамтамасыз ететін 7,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Шаруашылықтарға дизель отынын жіберу бағасы
1 литріне 250 теңге, бұл нарықтағы бағадан 10-15%-ға дейін арзан.
Ақтөбе облысында астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметін көрсететін отырған жалпы сыйымдылығы 381,0 мың тоннаны құрайтын лицензияланған 7 астық қабылдау кәсіпорындары жұмыс істейді.
Бүгінгі күнге 37,9 мың гектар жиналып, 51,7 мың тоннадан астам өнім алынды, орташа өнімділігі – 13,7 ц/га.
Жалпы, ауа райы жағдайларын қоспағанда, егін жинау жұмыстарын уақтылы аяқтау үшін күрделі мәселелер жоқ.
Облыс әкімдігінің ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен 2024-2026 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың жол картасына сәйкес инвестиция көлемі 57,7 млрд теңге болатын 120 жобаны іске асыру жоспарланды. Оның ішінде 2024 жылға 12,4 млрд теңге құнымен 62 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту мақсатында 2024-2026 жылдары агроөнеркәсіп кешен субъектілерін несиелендіру бағдарламасы бойынша 31,6 млрд теңгеге 10 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Бүгінгі күнге 1 бірлік сүт тауарлы фермасының құрылысына ғана қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-на жалпы сомасы 14,2 млрд теңгеге 2 589 жобаның құжаты тапсырылып, 13,1 млрд теңгеге 2 425 жоба мақұлданды және 11,2 млрд теңгеге 2 171 жобаға несие берілді.
Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында, жергілікті бюджеттен тұрақтандыру қорына 3,0 млрд теңге және «айналым схемасы» бойынша қарыз беру үшін 3,9 млрд теңге бөлінді.
«Айналым схемасы» аясында күнбағыс майын, сиыр етін (жауырын-төс бөлігі), 1-сұрыпты ұн, макарон өнімдерін (рожки), қант, тауық етін, сүт өнімдерін (сүт, айран, сүзбе, сары май) және тауық жұмыртқасын жеткізу бойынша шарттарға қол қойылды.
Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында 3 орта мектеп (№60, 64, 78) 3 ауысыммен оқытылатын мектептер жаңа құрылысымен шешілуде:
1. Ақтөбе қаласы «Д.Қонаев атындағы №60 жалпы білім беретін орта мектеп» – 600 орынға қосымша құрылыс жүргізілуде, одан басқа №3 м/а «Жайлы Мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2000 орынға мектептің жаңа құрылысы жүргізілуде, аталан нысан жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланған; 2. Ақтөбе қаласы «№78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ – «Жайлы Мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2000 орынға мектептің жаңа құрылысы жүргізілуде, 2025 жылы ашылады. Осылайша, 2025 жылға дейін «Есет батыр» тұрғын алабында бір ауысымда 4600 оқушыға арналған 3 нысан пайдалануға беріледі. Екі ауысымда нысандар 9200 оқушыны қабылдай алады. 3. Ақтөбе қаласы «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында 3 мемлекеттік тегін мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2000 орынға арналған екі мектеп және 900 оқушыға бір мектеп. Нәтижесінде 2025 жылдың аяғына дейін «Алтын Орда» тұрғын үй алабында 9800 орындық 3 мектеп пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, қазіргі таңда облыс бойынша 5 мектеп апатты жағдайда. Қолданыстағы үш ауысымды және апатты мектептердің мәселелері толығымен 2025 жылға дейін жаңа мектеп құрылысымен шешіледі.
Ақтөбе облысында бүгінде 12 тірек мектеп құрылды, олардың әрқайсысына 3 шағын жинақталған мектеп бекітілді.
Жалпы, облыста 429 мектеп бар және олардың барлығы Интернетке қосылған, бұл оқушыларға білім мен ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде 217 мектеп заманауи талшықты-оптикалық желілер арқылы қосылған, 166 мектеп радиорелелік желілерді пайдаланады, ал қалған 46 мектеп интернетті «Starlink» спутниктік технологиясы арқылы алады.
Бұдан бөлек, Aqtobe IT Hub ашылды. Аймақтық хаб ашылғаннан бері 200-ден астам жергілікті спикерлердің қатысуымен 3600-ге жуық адам қатысқан 200 іс-шара өткізілді.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп деңгейін арттыру мақсатында 10 елді мекенді қамтитын, 2585 бейнебақылау камерасымен «Ақтөбе облысы бойынша бұлтты сервис қызметтері» жобасы іске асырылды.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 21 медициналық нысанның құрылысы жүріп жатыр. Хромтау, Әйтеке би, Шалқар және Мәртөк аудандарының елді мекендерінде тұрғызылған медициналық пункттерде ауыл тұрғындарына қызмет көрсетілуде. Бүгінде 14 медициналық ұйымда күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Дәрі-дәрмекпен халықты қамту бойынша 2024 жылға өңірдің 64 медициналық ұйымдары дәрілік заттардың 1 042 атауына өтінім берді. Жалпы бағасы 8,8 млрд теңге.
Бірыңғай дистрибьютор ағымдағы жылдың 17 қыркүйегіне өңірдің 64 медициналық ұйымына 7,26 млрд теңге сомасына ДЗ жеткізілді. Жағдай тұрақты.
Облыста бұқаралық спортты дамыту үшін ағымдағы жылдың 7 айы бойынша 1982 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, 132 188 адам қамтылды. Спортпен шұғылданатын жастардың саны (14-18 жас) 36754 адамды құрайды. Азаматтардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын қамту 42,7% немесе 403 077 адам адамды құрайды.
Қазіргі таңда туризмді дамыту мақсатында облыс аумағында туристік нысандарды ілгерілету – имидждік іс-шараларды (инфотурлар, фестивальдар, экскурсиялар) өткізу, туристік инфрақұрылымдар құру – қонақүйлер, кемпингтер салу, әлеуетті инвесторларды тарту арқылы шаралар қабылдануда.
Бүгінгі күні орналастыру орындары қызмет көрсететін келушілер (турист) саны 103,4 мың адамды құрады.
Қазіргі таңда инвестиция сомасы 8 млрд тенге құрайтын, «Hilton» қонақ үй кешені салынып жатыр, ашылу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарлануда. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары толық және ішінара орындалды.
Айта кету керек, 2026 жылға дейін инфрақұрылымды дамытуға және пайдаланушылар үшін сапалы сервис ұсынуға бағытталған жол бойындағы сервис объектілер 22 жобаны іске қосу жоспарлануда.
#Инвестициялар #Инфрақұрылымдық даму #Мемлекет басшысының Жолдауы #ШОБ #ӨңірлерҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу