Қарағанды облысы индустриялық әлеуетін нығайтуда: өнеркәсіп көлемі 1,9 трлн теңгеге өсті 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің өңірлерінде экономикалық өсуді ынталандыру және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, Қарағанды облысында 2025 жылдың бес айында тау-кен металлургия кешені, оның ішінде өнеркәсіп өндірісі ең жоғары өсім көрсетті. Кәсіпкерлік қызмет пен аграрлық сектор да жандануда. Инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын дамытуға да ерекше көңіл бөлінген.  

Өнеркәсіп

Қарағанды облысы – Қазақстанның негізгі өнеркәсіпті өңірлерінің бірі. Аймақ экономикасының негізін өңдеу өнеркәсібі құрайды, оған облыстың барлық өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің 78%-дан астамы тиесілі. Бұл үлестің жартысынан көбін, яғни 67%-ын металлургия алады. Сондай-ақ машина жасау (13,5%), құрылыс индустриясы (3,5%) және химия өнеркәсібі (2,3%) де үлкен маңызға ие.

Бүкіл өнеркәсіптің 13%-дан астамын құрайтын тау-кен өнеркәсібінің өңір экономикасында алатын орны зор. 2025 жылдың 5 айында өндірістің жалпы көлемі 1,9 трлн теңгеге жеткен. Осылайша былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға өскен. Пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу саласында өсім ерекше байқалады. Мысалы металл кенін өндіру 7,9%-ға, көмір өндіру 15,9%-ға, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету 13,9%-ға өскен.

Темір кені шикізаты «Bapy Minig» ЖШС мен «Өркен-Кентөбе» ЖШС кеніштерінде шоғырланған. Одан бөлек, облыс аумағында «Qarmet» АҚ және «Шұбаркөл көмір» АҚ сияқты көмір өндіретін ең ірі кәсіпорындар орналасқан.

Ауыл шаруашылығы

2025 жылдың 5 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 64,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық. Осы уақыт ішінде 29 мың тонна ет, 69,5 мың тонна сиыр сүті және 247,9 млн тауық жұмыртқасы өндірілді.

Биыл 951,4 мың гектарға астық егілді, картоп отырғызу алаңы 16,3 мың гектарды, көкөніс 2 мың гектарды құрады.

46,7 мың гектар алқапқа майлы дақылдар егілді, жемшөп алқабы – 171,6 мың гектар.

57,4 мың тонна минералды тыңайтқыштар себілді.

Көктемгі егіс алқаптарын қаржыландыру үшін Аграрлық несие корпорациясы арқылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары – «Кең Дала», «Кең Дала-2» бойынша 11,4 млрд теңге бөлінді.

Бұдан басқа, 2025 жылдың 5 айында облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары 74,9 млрд теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға көп.

Шағын және орта бизнес

Қарағанды облысындағы шағын және орта бизнес саласы оң динамиканы көрсетуде. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 111,7 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген – +0,8%. 

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде 2025 жылы кәсіпкерлерді қолдауға 15,5 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 10,8 млрд теңге, облыстық бюджеттен 4 млрд теңге, «Даму» қорынан 0,7 млрд теңге бөлінді.

Инвестициялар және құрылыс

2025 жылғы қаңтар-мамырдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі капиталына инвестициялар көлемі 327 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға артық. Инвестициялардың құрылымы келесідей:

  • өнеркәсіп – 49%,
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 10,7%,
  • жол құрылысы – 15,7%,
  • құрылыс – 15,1%,
  • ауыл шаруашылығы – 5,6%.

Кәсіпорындардың тұрақты жұмысы есебінен: Qarmet АҚ инвестицияларының көлемі 115,5 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2 есе жоғары, сондай-ақ «Тэмпо Қазақстан» ЖШС, «Гиперборея» ЖШС және басқа да жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен оң серпінге қол жеткізілді.

2025 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемін 1,5 трлн теңге деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік сала Қарағанды облысы үшін басым бағыт болып қала береді.

2024-2025 жылдары екі жыл ішінде «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы аясында жалпы сомасы 24,5 млрд теңгеге 4400 орындық 4 мектептің (Қарағанды қаласы: «Кендала» шағын ауданында 2 мың орынға, «Голубые пруды» шағын ауданында 1,2 мың орынға, «Гүлдер» шағын ауданында 300 орынға және Балқаш қаласы Қ. Нұржанов атындағы шағын ауданда 900 орынға арналған) құрылысы аяқталды. 

2025 жылы 3,2 мың оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 6-уы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан 2,7 мың орынға арналған мектептер (Бұқар жырау ауданы Ғ. Мұстафин ауылы Нұра стансасы - 300 орын, Шет ауданы Ақсу-Аюлы кенті - 300 орын, Шет ауданы С. Сейфуллин ауылы - 300 орын, Қарағанды қаласы «Жаңа аудан (Таугүл)» шағын ауданын - 1,2 мың орын, Бұқар жырау ауданы Доскей ауылы - 300 орын, Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылы - 300 орын).

Ұлттық жоба аясында Қарағанды облысындағы 92 ауылда денсаулық сақтау нысандарының құрылысын салу қарастырылған. Бүгінгі таңда 26 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, оның ішінде 25 нысан (2023 жылы – 7 нысан, 2024 жылы – 18 нысан) пайдалануға берілді. Олар:

  • Ақтоғай ауданы Ақжайық (Қызыларай) ауылында (1 нысан);
  • Бұқар жырау ауданының Қарақұдық, Новоузенка, Ақтөбе, Самарқанд ауылдарында (4 нысан);
  • Қарқаралы ауданының Томар, Ақжол (Мамраев), Татан (Еңбек), Қызылту, Жарлы, Жаңатоған, Бесоба, Белдеутас, Борлыбұлақ, Сарыобалы, Талды (Қ. Аманжолов) ауылдарында (11 нысан);
  • Ақшатау (Ақтөбе) кентінде және Шет ауданының Босаға, Көктіңкөлі, Киік, Бұрма, Жұмаскер, Н. Қайрақты, Батық, Талды ауылдарында (9 нысан) орналасқан.

15 нысанда ҚМЖ аяқталды: 

  • Бұқар жырау ауданы Байқадам, Гагарин, Құрылыс, Сарыарқа ауылдарында - 4 нысан;
  • Шет ауданы Қызылқой, Дәрия, Ақсу, Ақжартас, Ақой, Ақшоқы, Жарылғап батыр ауылдарында - 7 нысан;
  • Қарқаралы ауданының Абыз, Бүркітті ауылдары - 2 нысан;
  • Абай ауданының Ақбастау, Садовое ауылдары - 2 нысан.

Барлық 92 жобаны 16,4 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Оның ішінде 78 жобаға 7 млрд теңге бөлінді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 51 нысанда жалғасуда. Жол картасына сәйкес ҚМЖ-ларды аяқтау келесі мерзімге жоспарлануда:

  •  44 нысан – маусымда;
  •  7 нысан – қыркүйекте;

2025 жылы 51 нысанды аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге, облыстық бюджеттен оның 10%-ы – 0,5 млрд теңге қарастырылған. Бұдан басқа, республикалық бюджеттен 15 нысанды пайдалануға беру үшін құрылысын аяқтауға 994,8 млн теңге бөлінді. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу 99,4%-ды, су бұру бойынша – 78,6%-ды құрайды.

Ауыл тұрғындарының сумен жабдықтауға қол жеткізуі – 97,9%.

2025 жылы сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамытуға 17,5 млрд теңге бөлінді. Қаражат 19 нысанның құрылысына (9,5 млрд теңге) және 17 нысанды реконструкциялауға (7,1 млрд теңге), 45 арнайы техника сатып алуға (900 млн теңге) бағытталды.

#АӨК #Экономика #Құрылыс #ӘЭД #Өнеркәсіп #Өңірлер

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу