Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды

07 қыркүйек 2018, 10:41
Ақмола облысы
Фото: primeminister.kz

Салқын көктем, жаңбырлы жаз, әсіресе тамыз айының соңындағы толассыз жауған жауын-шашын — климат ерекшеліктерін ескере отырып, солтүстіктегі егін егуші өңірлерде астық жинау науқаны 10–12 күнге кешіктірілді. Дегенмен, осындай ауа-райы жағдайына қарамастан ауыл шаруашылығы құралымдарында дәнді-дақылдардың жатып қалуы, төгілуі және көктеп кетуі мәселелері орын алған жоқ.

Бұл туралы жиын терім науқанына дайындық барысы туралы өткен баспасөз туры кезінде Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев мәлімдеді.

Целиноград ауданы әкімінің айтуынша, 2018 жылы ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына 202 мың га астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды, оның ішінде бидай — 165 962 га, арпа — 233 499 га, сұлы — 5 849 га, майлы дақылдар — 17 037 га, бір жылдық шөптер — 10 239 га, картоп — 289 га, көкөністер — 185 га жинау қажет. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бекітілген баға бойынша 3900 тонна дизель отыны бөлінген.

«Бүгінгі таңда дәнді дақылдар 20 мың га жерде орылды, 16 мың га алқапта бастырылды, бұл 10% құрайды, астық өнімділігі – 10 ц/га. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау екі тәсілмен жүргізіледі: жекелей және тікелей комбайндау арқылы. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жекелеген тәсілмен – 37 мың га аумақта, 165 мың га-дан астам аумақта – тікелей комбайндау арқылы жиналады. Жиын терім науқанына 543 астық жинау комбайны тартылған, соның ішінде заманауи жоғары өнімді комбайн – 101 дана, 126 тракторлы пойыз, 116 автокөлік», — деді М. Тәткеев.

Дәнді дақылдарды бастырудың күндізгі өнімділігі 10 500 гектарды құрайды. Ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары осындай қарқынмен дәнді дақылдарды жинауды 19–20 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Малгаждар Таткеев

«29 000 тонна дәнді-дақыл тұқымын себу жоспарланған, қазіргі таңда барлық құрғақ дәндер тұқым ретінде сақталуда. Ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары картопты жинауды бастады, жақсы өнім түседі деп болжанған. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бойынша көкөністерді жинау алаңы 185,2 гектарды құрайды, бүгінгі таңда 8,5 гектар жиналған», — деді әкім.

«Ақмола Феникс» АҚ бас директоры Денис Плужниктің айтуынша, қолайсыз ауа-райы жағдайлары, аса жоғарғы ылғалдылық өсімдіктердің өсіп-өну уақытын ұзартып жіберді, сәйкесінше егін жинауға дайындық жұмыстары ұзаққа созылып кетті. Алайда, бүгінде астық жинау жұмыстары қалыпты қарқынмен жүріп жатыр.

«Жаңбырдың толассыз жаууы тамыз айында егін жинау жұмыстарын сәл кешіктірді. Дегенмен, қазір бәрі қалпына келді. Жалпы біз барлығын уақытылы – қыркүйек айының соңына дейін аяқтаймыз деген сенімдеміз, әрине, егер ауа райы өзгеріп, кедергі болмаса. 30 мың тоннаға жуық астық және шамамен 5 мың тонна бұршақ жинауды көздеп отырмыз», — деді ол.

Д. Плужниктің айтуынша, қазіргі күні 23 мың га аумақта егін жиналып жатыр. Жиналған өнім астық қырманына бағытталады, ол жерде өнім қайта өңделеді және кептіруге жіберіледі.

Денис Плужник

«Дән тазартқыш машиналарда дәнді арасындағы қосындыларынан тазартамыз, одан кейін кептіруге жіберіп, қоймаларда сақтаймыз. Дәнді кептіруге арналған оперативті бункерлер, әрқайсысы 2 мың тонна астыққа арналған үш дән сақтау қоймалары, сондай-ақ, 200 тоннадан астықты қаптарда сақтайтын алаңдар бар. Сапасы жақсы бидайды біз нарыққа жіберіп сатамыз, жем ретінде бұршақ, арпа және сұлы жіберіледі. Бүгінде біз өз алқаптарымызда соя мен жүгеріні сынп көріп жатырмыз», — деді Д. Плужник.

Сонымен қатар, компания жүгері егуді де көздеп отыр. Биыл 20 га жерге алғашқы өндірістік жүгері егілді.

«Аграрлық университеттің өсімдік және жер шаруашылығы кафедрасымен бірге біздің аймақтағы бидайдың түрлі сұрыптары мен гибридтерін үш жыл бойы зерттеп келеміз. Зерттеу нәтижесі бидай үстінен жүгері өсірудің өте жақсы мүмкіндігі бар екенін көрсетті. Жүгері жақында піседі, түсім жақсы болады деп ойлаймын. Біз 623 га жерді суару жобасы бойынша болашақта жүгері мен сояны бидаймен өңдеп, егін алқабын үлкейтуді де жоспарлап отырмыз», — деді компанияның бас директоры.

Өз кезегінде «Ақмола Феникс» АҚ- ның бас агрономы Бейбіт Әбілқасымов Солтүстік Қазақстан ауа-райын болжауға келмейтін, жермен айналысуға тәуекелі жоғары аймақ екенін, дегенмен шаруалар жердің бабын тауып, мол өнім алу үшін қолайлы агротехникалық жағдайдың барлығын жасауға тырысатынын атап өтті.

Бейбут Абылкасымов

«Биыл былтырғыдай аптап ыстық болған жоқ, жауын жеткілікті жауды. Қазір бидай мен бұршақты жинап жатырмыз. Осы жылы бидайдың өнімділігі шамамен 15-17 центнер, ал бұршақ өнімділігі 18 центнерге жуық болады деп жоспарлап отырмыз», — деді Б. Әбілқасымов.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биыл 15,1 млн га жер аумағынан дәнді дақылдар жиналады. 6 қыркүйекте түскен соңғы мәлімет бойынша, 3,1 млн га (21%) жерден дәнді дақыл жиналып, өнімділігі 13,7 ц/га бидайдың 4,3 млн тоннасы бастырылды. Жалпы, астық өнімділігі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 ц/гектарға артық болып отыр. Ауа райына қарамастан егін жинау жұмысы тоқтаусыз жүріп жатыр, тағы 11,8 млн га жердің дәнді дақылы жиналуы тиіс.

Жалпы жиналатын астықтың мөлшері 20 млн тоннадан асады деп күтілуде. Экспорттық әлеуетіміз 9 млн тоннаға бағаланса, оның ішінде 6 млн тонна – бидай, 2,1 млн – тонна ұн түрінде. Алдыңғы жылдардағыдай еліміздің бидай өнімін Орталық Азия елдері, Ауғанстан мен Иран импорттаса, астықтың белгілі бір көлемі Қытай, Италия, Түркия және тағы басқа елдерге жөнелтіледі.

Еліміздің 26,7 млн тоннаға дейін астықты сақтауға мүмкіндігі бар. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындары — 13,7 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер — 13 млн тонна бидай сақтай алады.

Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды
1/8
Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды
2/8
Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды
3/8
Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды
4/8
Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды
5/8
Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды
6/8
Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды
7/8
Егін жинау науқаны: Ақмола облысында 20 000 га аумақтан астық жиналды
8/8