Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстанда жердi рационалды пайдалануды бақылау бойынша жұмыс күшейтілді – Е.Базылжанов

04 мамыр 2016, 21:27

Қазақстанда жердi рационалды пайдалануды бақылау бойынша жұмыс күшейтілді, деп хабарлады «Республикалық ғылыми-әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығы» ММ басшысы Ерболат Базылжанов.

«Қазіргі таңда мемлекетпен жердi тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыс күшейтілді және жүйелік жұмыс жасалуда. Осыған орай агрохимиялық зерттеу көлемі 1,5 млн га-дан 3,5 млн га-ға өсті және ол циклдық зерттеулерді қамтамасыз етеді»,-деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Өз сөзінде ол қойылған тапсырмаларды орындау үшін агрохимиялық қызметтің материалды-техникалық базасы күшейтілетінін айтып өтті.

Е.Базылжанов түсіндіргендей, егістік көкжиегіндегі жалпы гумус көрсеткіштерінің мазмұны, гидролиздеу азотының орташа мазмұны, жылжымалы фосфор мен ауыспалы калий агрохимиялық топырақты зерттеу нәтижелері бойынша анықталады, 7 жылда 1 рет жүргізіледі – тәлімі шаруашылыққа және 5 жылда 1 рет – жер суландыруға.

«Оған қоса, агрохимиялық зерттеудің бастапқы базалық туры 2015 жылдың 27 наурызынан кейін жүргізілген зерттеу болып есептеледі. Сәйкесінше, тәлімі жердегі екінші тур 2022 жылы, суаруға - 2022 жылы басталады», - деп нақтылады ол.