Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы заңды түрде көп балалы саналады

09 сәуір 2019, 12:50
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев азаматтардың мұқтаж санаттарына, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің нормаларына сәйкес, 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы көп балалы деп танылады.

Көп балалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы.

Сонымен қатар, Б. Сапарбаев биылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алуға көп балалы ғана емес, аз қамтылған отбасылар да үміткер бола алатынын айтты, яғни, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан аспауы тиіс.

Бұдан өзге ол АӘК алу үшін азаматтарға қосымша ешқандай шектеулер қойылмайтынын атап айтты.

«АӘК белгілеуге рұқсат бермеудің түрлі себептері туралы хабарламаларға келер болсақ, осындай отбасылар өздеріне тиістісін алады. Кірістер мен шығыстардың белгілі бір нормалары бар, жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістердің бар-жоғын ескереді. Комиссия отбасының табысы бар-жоқтығын немесе оны есепке алу-алмау туралы шешім қабылдайды. Бұдан өзге, АӘК есептеу, сонымен бірге басқа да әлеуметтік мәселелерге байланысты әртүрлі туындайтын мәселелерді шешу үшін біз өз қызметкерлерімізді халықты жұмыспен қамту орталықтарына отырғыздық, олар азаматтарға қажетті кеңестер мен түсініктемелер береді», — деді министр.

Сонымен қатар Б. Сапарбаев әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетудің қосымша шаралары туралы айтты. ҚР ЕХӘҚМ жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп мұқтаж азаматтарға көмек көрсетудің 11 әлеуметтік қызмет түрін анықтаған. Бұл 1-4 сыныптағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту, қоғамдық көліктерде тегін жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй салымдары жүйесі арқылы баспана жағдайын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және басқаларын қамтитын бірыңғай әлеуметтік пакет.  

Еске салайық, атаулы әлеуметтік көмекті белгілеу және басқа да жеңілдіктер мен жәрдемақыларды тағайындау бойынша қажетті ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан, ауыл әкімдіктерінен, сонымен қоса тегін «111» call-орталық нөміріне жүгіну арқылы алуға болады.  

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы заңды түрде көп балалы саналады
1/4
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы заңды түрде көп балалы саналады
2/4
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы заңды түрде көп балалы саналады
3/4
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы заңды түрде көп балалы саналады
4/4