Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да: ауруханаларды аралау, тұрғындармен кездесу және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды талқылау

19 сәуір 2019, 16:13
Шығыс Қазақстан облысы
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың жетекшілігімен Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Шығыс Қазақстан облысына келді.

Оның құрамында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, білім және ғылым министрі  К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы М. Жайымбетов бар.

Үкіметтік делегацияның жұмыс сапары Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасын аралаудан басталды. Аурухана «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша салынған және 325 төсек-орынға шақталған. Мұнда жақында заманауи жабдықтар кешенімен жарақталған Политравма және ортопедия орталығы ашылды. Мамыр айында еліміздегі алғашқы нейрохирургияға арналған гибридті ота жасау бөлмесі ашылады деп жоспарланып отыр. 3 жыл ішінде 18,8 млрд теңге инвестиция салынды, бұл жоғары технологиялы жабдықтар көлемін 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Одан соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын тексерді. Олар электронды форматта мемлекеттік қызметтердің көрсетілу бойынша бизнес-процестерді қарастырды.

Семей қаласындағы басты шара жұмыс тобы мүшелерінің көп балалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, еңбек ардагерлерімен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, жұртшылық өкілдерімен кездесуі болды. Кездесуде Г. Әбдіқалықова Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Бүгінде жаңа әлеуметтік саясат жүзеге асырылып жатыр, оның басты мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Ол үшін қоғамның әрбір мүшесі ел дамуына өзінің үлесін қосуы тиіс.

Үкіметтік делегация мүшелеріне халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй саясаты салаларындағы жаңашылдықтар таныстырылды.

Қала тұрғындарымен кездесу аяқталған соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылдап, көп балалы отбасыларға барды. Атап айтқанда, 14 баланы тәрбиелеп отырған Ольга Кандыбаның отбасында болды. Көп балалы отбасы мемлекетке 7 жер телімін ұсынғаны және «Газель» маркалы автокөлік сыйлағаны үшін алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар ол 8 баланы тәрбиелеп отырған Индира Отарбаевның отбасына барды. Бұл отбасы «Өкен» ЖШС құрылтайшысына сыйлаған жаңа жеке үйі үшін шексіз алғыстарын білдірді.

Түстен кейін жұмыс сапары Өскемен қаласында жалғасты.

Алғашқы шара Роботтандырылған хирургия орталығын аралау болды. Орталық дәрігерлері мыңнан астам ота жасаған (200 операций на ангиографада 200 ота, 800 урологиялық және роботта 123 ота). Бұл клиника базасында Трансплантология орталығы ашылған, бүйрек алмастыру бойынша сәтті оталар жасалған.

Вице-Премьер жұмыс тобының мүшелерімен бірге Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде облыс жұртшылығымен кездесу өткізді. Оған көп балалы аналар, аз қамтылған отбасылар, еңбек ардагерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, жұртшылық өкілдері шақырылды.

Кездесуде халықтың төмен жалақы алатын санаттарының табысын арттыру, халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа шаралары, білім беру мен денсаулық сақтауды одан әрі дамыту, тұрғын үймен қамту тетіктері бойынша жан-жақты түсіндірілді. Үкіметтік делегация мүшелері қатысушылардан келіп түскен өзекті сұрақтарға жауап берді.

Г. Әбдіқалықованың жұмыс сапарының келесі пункті көпбалалы отбасылардың үйлерін бару болды. Бүгінде облыста бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында мұндай отбасыларға жүйелі көмек көрсетіледі. Мәселен, көп балалы әке Нұрлан Жетпіске «ВК Техногрупп» ЖШС екі бөлмелі пәтер сыйласа, 12 бала өсіріп отырған Евгения Черкашинаға қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін демеушілік көмек көрсетілді, тұрғын үйін жөндеу үшін құрылыс материалдары берілді.

Одан соң бейнеконференция байланысы режимінде Үйлестіру кеңесінің мүгедектерді қорғау саласындағы көшпелі отырысы өткізілді. Онда 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сүруін жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Іс-шаралар жоспарының үшіншің кезеңін іске асыру қорытындылары шығарылды. Оны жүзеге асыру үшін 12 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталды. Мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан маңайында  17 043 жол белгілері мен нұсқаулар орнатылды; 540 жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелдеріне дыбыстық құрылғылар қойылды; 28 өңірлік телеарнада жаңалықтар телехабарларын таратуда сурдоаударма қамтамасыз етілді,  «Қолжетімді орта» қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталы әзірленді және т.б. Паспортталғандар қатарынан әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының  97,3% қолжетімді болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жаңа Ұлттық жоспар жобасы талқыланды. Үйлестіру кеңесінің отырысының қорытындылары бойынша Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді әрі сапалы білім алу жағдайларын жасау мақсатында «2018-2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамыту» жобасын іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді. Мүмкіндігі шектелуі балаларға арналған «Ақниет» мектеп-интернатында делегацияға осы бағдарлама таныстырылды. Оның аясында 1200 педагогты даярлау жоспарланған, оның ішінде 2019 жылы инклюзивті білім беру бойынша 500 педагог біліктілігін арттыруы тиіс. Бүгінде облыста 13 психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті жұмыс істейді. Бұл шара Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді жерден коррекциялық педагогтар қызметтерін тегін алуларына мүмкіндік береді.

Үкіметтік делегацияның Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары осымен аяқталды.

Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да: ауруханаларды аралау, тұрғындармен кездесу және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды талқылау
1/6
Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да: ауруханаларды аралау, тұрғындармен кездесу және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды талқылау
2/6
Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да: ауруханаларды аралау, тұрғындармен кездесу және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды талқылау
3/6
Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да: ауруханаларды аралау, тұрғындармен кездесу және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды талқылау
4/6
Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да: ауруханаларды аралау, тұрғындармен кездесу және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды талқылау
5/6
Үкіметтік жұмыс тобы ШҚО-да: ауруханаларды аралау, тұрғындармен кездесу және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды талқылау
6/6