Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысының жұртшылығымен әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады

05 сәуір 2019, 10:43
Фото: primeminister.kz

2019 жылғы 5 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен Үкіметтік жұмыс тобының мүшелері Қостанай облысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмысын жалғастырды.

Вице-премьер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ оқу орталығына барды.

Орталық негізгі тау-кен кәсібі бойынша кадрларды дайындаумен айналысады. Бұдан басқа, орталықта басшылар мен мамандар біліктілікті арттырады, өнеркәсіп қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі. Оқыту орталығында жыл сайын 6 мыңнан 7 мыңға дейін адам кәсіби дайындық мәселері және 20 мың адам өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқытылады.

Г. Әбдіқалықова мен Б. Сапарбаев осы орталықта оқып жатқан курсанттармен кездесті. Кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары Елбасының «Қазақстанның болашағы – Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» деген сөздерін баса айтты. Қоғамдық басым құндылық ретінде адал және өнімді жұмыс рөлі ереше атап өтілді.

Бұдан әрі қала және аудан әкімдерімен, кәсіпорын басшыларымен, бизнес-құрылым және кәсіби одақ өкілдерімен кездесу өткізілді. Онда нақты экономика, бизнес-құрылым секторларындағы әлеуметік әріптестік пен әлеуметтік жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Іс-шара барысында «ЖАС ҚАНАТ–2006» ЖШС директоры Қ. Майышев көп балалы отбасыларға және халықтың аз қамтылған санаттарына жыл сайын үш жұмыс орнын беру бастамасымен сөз сөйледі және әріптестеріне қолдауға өтініш білдірді. Вице-премьер кәсіпорын және компания басшыларын аз қамтылған қазақстандықтардың әлеуметтік және тұрғын үй мәселерін шешуге нақты ат салысуға шақырды.

Осы күні жұмыс тобының мүшелері облыстың басқа аудандарына барды. Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов — Федоров ауданына, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова — Әулиекөл ауданына, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаршуашылығы істері бойынша комитет төрағасы М. Жайымбетов — Алтынсарин ауданына, Nur Otan партиясының хатшысы Ф. Қуанғанов — Таранов ауданына барды. Олар денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерді аралады, онда ауыл тұрғындарымен, педагогтармен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті. Сонымен бірге олар халықпен жеке қабылдау өткізіп, тиісті түсіндірулер жүргізді және өмірлік мәселелерді шешуге жәрдемдесті.

Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысының жұртшылығымен әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады
1/5
Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысының жұртшылығымен әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады
2/5
Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысының жұртшылығымен әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады
3/5
Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысының жұртшылығымен әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады
4/5
Үкіметтік жұмыс тобы Қостанай облысының жұртшылығымен әлеуметтік әріптестік мәселелерін талқылады
5/5