Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет — Б. Сапарбаев АӘК белгілеу мен төлеу рәсімін түсіндірді

09 сәуір 2019, 12:32
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті белгілеу бойынша өзекті мәселелерді түсіндірді.

Б. Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті белгілеудің негізгі шарттарының бірі тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуінің болуы екенін атап айтты. Ондай мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін әкімдіктер уақытша тіркеу мүмкіндігін қарастыруы қажет. 

«АӘК белгілеу үшін тұрақты тіркеуінің болуы тиіс. Егер азамат соңғы бес жылда мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатса, және оның тіркеуі болмаса, онда бұл азаматты жұмыспен қамту орталықтары арқылы уақытша тіркеуге болады. Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік бейімдеу орталықтары бар. Әкімдік оларды сол жерде уақытша тіркеу туралы шешім қабылдады. Тек содан кейін жұмыспен қамту орталықтары АӘК белгілеу үшін олардың құжаттарын қабылдап алады және табыстарына орай оларға АӘК тағайындалады», — деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар министр АӘК белгілеуге байланысты құжаттардың қабылдана бастауымен жұмыспен қамту орталықтарында үлкен кезектің пайда болуы мәселесін түсіндіріп, үрейге жол бермеуге шақырды.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмыспен қамту орталықтарына мен өзім бардым. Өкінішке орай, алғашқы күндері, әсіресе, бірінші онкүндікте кезек болды. Біз барлығына бірден бару қажет еместігін бірнеше рет түсіндірген едік. Көмекті белгілеу мен құжаттарды қабылдау ай бойы жүргізіледі, ол құжаттардың қай күні тапсырылғанына байланысты болмайды», — деді Б. Сапарбаев.

Ол Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері арасында да АӘК белгілеудің жаңа ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Өкінішке орай, ондай мамандар бар (еск. - қажетсіз құжаттарды талап ететін). Біз оларға бірнеше рет тек жеке куәлік қана қажет екенін айттық. Аралау кезінде біз осындай сәттерді байқап, жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, әкімдіктерге қажетсіз құжаттарды талап етпеуілері үшін тапсырмалар бердік», — деп қосты министр.

Сонымен қатар Б. Сапарбаев Бірыңғай жиынтық төлемді төлейтін азаматтардың АӘК алуға құқылы екенін, бірақ ол үшін жұмыспен қамтылуға белсене ықпалдасу керектігін айтты.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) — аз қамтылған азаматтарға және табыстары аз, сондай-ақ, көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Биылғы 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийлері өмір сүру деңгейі қымбатырақ Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Маңғыстау облысынан басқа өңірлерде 20789 тг дейін көтерілді. Егер отбасының бір адамға ай сайынғы табысы 20 789 тг аспаса, бұл жағдайда атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларға 20789 тг мөлшерінде төленеді.
Тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет — Б. Сапарбаев АӘК белгілеу мен төлеу рәсімін түсіндірді
1/4
Тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет — Б. Сапарбаев АӘК белгілеу мен төлеу рәсімін түсіндірді
2/4
Тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет — Б. Сапарбаев АӘК белгілеу мен төлеу рәсімін түсіндірді
3/4
Тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет — Б. Сапарбаев АӘК белгілеу мен төлеу рәсімін түсіндірді
4/4