«Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы электр, жылу және құбыр желілерінің тозуын төмендетуге мүмкіндік береді

Фото: Ақорда

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президентінің төрағалығымен өткен министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында Үкіметтің энергетика саласын дамыту жөніндегі жоспарларымен таныстырды.

Әлихан Смайылов әзірленіп жатқан «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы электр, жылу және құбыр желілерінің тозуын 20%-дық тармаққа төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жалпы 134 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу үшін 3,8 трлн теңгеге дейін инвестициялар тарту қажет. Тиісті ережелер осы аптада бекітіледі.

Нәтижесінде бұл көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыра отырып, апаттар мен ажыратулар санын, жылудың техникалық ысыраптарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға назар аударылатын болады.

Бұдан басқа, бақылауды күшейту шеңберінде тәуекелдерді басқару жүйесі және тәуелсіз техникалық аудит институты енгізіледі, қазіргі активтердің жай-күйін цифрландыру және талдау жүргізіледі. Сонымен қатар сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері басшыларының жауапкершілігін арттыру жоспарлануда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу