Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Асқар Мамин Универсиада-2017 кезінде Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

23 қаңтар 2017, 19:21
Фото: primeminister.kz

Бүгін Алматыда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің төрағалығымен Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017-ге дайындық кезінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Алматыға жұмыс сапары барысында А. Мамин Универсиада нысандарын аралады: «Халық арена» мұз аренасы, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені, Атлетикалық ауыл және «Алматы арена» мұз сарайы.

Ведомствоаралық комиссия отырысы аясында мемлекеттік органдардың басшылары, қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге жауаптылар, 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығындағы Универсиаданы өткізу күндері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіппен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы есеп берді.

Универсиада нысандары мен Алматы қаласындағы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы да айтылып өтті. Соның ішінде, Универсиада қонақтарын тіркеуді жүргізетін шаралар кешені әзірленген, Универсиада қонақтары мен қатысушыларын алып жүретін экипаждар құрылған, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бекеттер күшейтілген, Универсиаданың барлық нысандарында тәулік бойы кезекшілік ететін арнайы топтар құрылған. Барлығы шараларға шамамен 7 мың құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылады.  

Универсиадаға дайындық пен оны өткізуге қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы қаласының әкімі Б. Байбек және Алматы облысының әкімі А. Баталов есеп берді.

Ведомствоаралық комиссия отырысын қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин Универсиада қатысушылары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, сонымен қатар барлық спорт жарыстарын жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде өткізу негізгі басымдық болып табылатынын айтты.

Асқар Мамин Универсиада-2017 кезінде Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
1/1