Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 213 нысан сатылды

2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 213 нысан сатылды, делінген ҚР ҰЭМ сайтында. 

«2014-2015 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 490 нысан жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 418 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 23 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 389 объекті шығарылды, оның 213 объектісі сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 96, ӘКК - 59, холдингтер бойынша - 47», - делінген хабарламада.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 3 328 млн теңге, облыстық бюджеттерге 1 436 млн теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 923 млн теңге.

Республикалық меншік бойынша 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 23 қазандағы жағдай бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның 11-і объекті сатылды

2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 240 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 211 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 23 қазандағы жағдай бойынша 198 объекті шығарылды, соның 96 объектісі сатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу