ҚР-дағы бизнес ахуалды жақсарту аясында миноритарлық инвесторларды қорғау қарастырылған

Бизнес ахуалды жақсарту бойынша реформалар аясында миноритарлық инвесторларды қорғау қарастырылған, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстан Республикасыдағы бизнес климатты жақсарту реформалары бойынша кеңесте.

«Негізгі тірек миноритарлық инвесторларды қорғауға бағытталады. Мысалы, дауыстардың жалпы санынан барлығы он және одан артық пайызы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушыларына кезектен тыс жалпы жиналыс шақыру құқығы беріледі» - деді вице-министр.

Сонымен қатар, қоғамның бес және одан артық пайыз акциясы бар иеленуші өздігінен немесе жалпы акционерлер жиналысы күн тәртібіне қосымша мәселелер еңгізу құқығы ұсынылады.

Бұл Қазақстанның «Doing Business» рейтингісіндегі орнын жақсартуға бағытталған заңнамалық түзетулердің 4 пакеті. 3 кодеске және 7 заңға түзетілер енгізілді. Оның ішінде индикаторлар бойынша: «Миноритарлық инвесторларды қорғау», «Төлем қабілетсіздігін шешу», «Несие алу», «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу», «Меншікті тіркеу», «Салық салу», «Халықаралық сауда».

Тимур Жақсылықов, «Кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының шеңберінде Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстанның орнын жақсартуға бағытталған түзетілер қабылданғанын атап өтті.

Кеңеске ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, сондай-ақ, бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Кеңес қатысушылары «Doing Business» рейтингісінің индикаторлары қимасындағы реформаларын, ҚР бизнес климатты жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстарды талқылады. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу