Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №92

23 шілде 2018, 09:05
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 2–6 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Аптаның маңызды оқиғаларының бірі жалпыұлттық мереке — Елорда күнін атап өту болды.

  • Мереке қарсаңында, 4 шілдеде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтті.

  • 5 шілдеде Астанада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

  • 6 шілдеде Ақордада Астананың 20 жылдығына және Қазақстан Президентінің туған күніне орай кездесу өтті. Мемлекет басшысын ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің спикерлері, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Астана қаласының әкімі және басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

  • 4 шілдеде Астанада ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Astana Finance Days халықаралық форумына қатысты.

  • Сол күні Бақытжан Сағынтаев Татарстан Президенті Р. Миннихановпен кездесіп, инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады.

  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылуы аясында Бақытжан Сағынтаев Oppenheimer қорының басқарушы директоры Д. Тонеллимен және Ислам Даму Банкінің президенті доктор Хамза Хаджармен кездесулер өткізді.

  • 4 шілдеде Астанада Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Kazakhstan Global Investment Roundtable екінші инвестициялық форумы өтті.

  • Форум қарсаңында Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев ірі халықаралық инвесторлармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Олардың қатарында РОТЕК директорлар кеңесінің төрағасы М. Лифшиц, Sun Group басқармасының вице-төрағасы Ш. Хемка, Milken Institute басқарушы директоры Д. Морган, РФ пен ЕАЭО елдеріндегі Servier компаниясының басқарушы директоры Ж. Гаве, Орталық Азия аймағы бойынша ENI вице-президенті Л.  Виньяти бар.

  • Сондай-ақ, форум аясында Б. Сағынтаев IHS Markit вице-президенті Д. Ергинмен, Cedar Meats бас директоры Т. Каироузбен, YTO International бас директорының орынбасары Ч. Сяоцяньмен, Kibar Holding бас директоры Х. Каябашымен, Sky Power Global президенті К. Адлермен, Total Eren бизнесті дамыту жөніндегі атқарушы вице-президенті Ф. Демольмен, Urbosolar тең құрылтайшысы және президенті М. Арномен, The Linde Group басқарма мүшесі С. Голдэммермен, IDEMIA компаниясының вице-президенті Ф. Перрашонмен, UAE International Investors Council шетелдердегі эмираттық инвесторлар кеңесінің бас хатшысы Д. Сейф әл-Джарванмен, Decathlon Kazakhstan бас директоры Ж. Антониомен және Energy Group Koc Holding компаниясының президенті Я. Эюбоглумен және т.б. кездесу өткізді.

  • 3 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының осы айдың алты айындағы іске асырылу қорытындылары, қаржы секторын цифрландырудың кейбір мәселелері қаралды.   

  • 5 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Сингапурдың Қазақстандағы резидент емес елшісі З. Бахарудинмен кездесу өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз