Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №93

26 шілде 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 9–15 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 10 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда 2018 жылдың алты айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы, осы жылдың І жарты жылдығындағы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды.

  • 9 шілдеде Анкара қаласында Бақытжан Сағынтаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты.

  • 11 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Швейцарияның федералдық кеңесшісі және экономика министрі Й. Шнайдер-Амманмен кездесу өткізді.

  • Сондай-ақ, өткен аптада Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

  • 11, 12 және 14 шілдеде Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңестер өткізді.

  • Кеңестер барысында бірінші жарты жылдықтағы өсімнің негізгі көрсеткіштері және инвестициялар тарту, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, салық саясаты, базалық индустрия, агроөнеркәсіп және отын-энергетика кешендері, жаппай кәсіпкерлік, сауда саласын дамыту секілді бағыттар бойынша одан әрі дамыту қорлары талқыланды. Сондай-ақ, Ақмола облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің жобалық басқару мәселелері қаралды.

  • 12 шілдеде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

  • 13 шілдеде Елбасы тапсырмасымен Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды.

  • 14 шілдеде Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде шағын несие беру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз