Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қорытындысы бойынша видеодайджест

29 қараша 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 27 қараша күні Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты.

 

  • ЕҮАК қатысушы үкіметтік делегациялардың басшыларын отырыс алдында Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенко қабылдады.
  • Отырысқа сонымен қатар Ресей Федерациясының премьер-министрі — Д. Медведев, Беларусь премьер-министрі — С. Румас, Қырғызстан премьер-министрі — М. Абылгазиев, Армения Республикасының премьер-министрінің міндетін уақытша атқарушы А. Мирзоян қатысты.
  • Үкіметаралық кеңес отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтті.
  • Шағын құрамына қатысушылар экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың аралық қорытындыларын шығарды және ЕАЭО-дағы жұмыстың одан арғы бағыттарын айқындады.
  • Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту және тауарлардың өтуінің ашықтығы мәселелеріне арналды.
  • Отырыс соңында бірқатар құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясы өтті. ЕЭК Алқасының Төрағасы Т. Саркисян мен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д. Медведев журналистермен кездесті.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз