Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

18 қыркүйек 2018, 08:30
Павлодар облысы
Фото, бейне: primeminister.kz

14 қыркүйекте Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысында болып қайтты.

  • Сапардың мақсаты Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастамасы», сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында алға қойған міндеттерінің орындалу барысымен танысу болды.

  • Жалпы өңір бойынша жұмыс сапары Екібастұз қаласынан басталды. Мұнда Премьер-Министр «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ (ERG) құрамына кіретін «Восточный» көмір разрезін аралау барысында өңірдің алдағы жылыту маусымына дайындығымен танысты.

  • Б. Сағынтаев білім беру саласының мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, Екібастұз қаласының мектептерінің қамқоршылар кеңесі, ата-аналар комитеттерімен кездесу өткізді.

  • Сондай-ақ, Премьер-Министр Екібастұз қ. майнингтік қызмет көрсететін «БНКА Энерджи» ЖШС-нің техникалық мүмкіндігімен және «Қазақтелеком» АҚ мен Hewlett-Packard компаниясының бірлескен жобасы ТМД-дағы ең үлкен деректер орталығының жұмыстарымен танысты.

  • Павлодар облыстық түсті металлургия колледжінде Б. Сағынтаев өңірдің ЖОО, колледждері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығымен кездесіп, өнеркәсіптік индустрияландырудың жаңа моделіне білікті мамандарды даярлау мәселелерін талқылады.

  • Облыстық жедел медициналық көмек станциясы жұмысының мысалында Бақытжан Сағынтаев өңірдің денсаулық сақтау саласын цифрландыру барысымен танысып, дәрігерлермен халыққа сапалы медициналық қызметтер ұсынудың өзекті мәселелерін талқылады.

  • Б. Сағынтаев облыстық Оқушылар сарайында өңір мектептері оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен, ғимараттың техникалық жарақтандырылуымен және арнайы тақырыптық зертханалардың мүмкіндіктерімен танысты.

  • «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен өткен кездесу барысында облыста бизнесті дамыту, инвестициялар тарту және отандық өнім мен қызметтердің экспортқа бағдарлануын дамыту мәселелері талқыланды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз