Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №11

13 мамыр 2019, 15:00
Фото, бейне: primeminister.kz

6-11 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 6 мамыр күні, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында ҚР Президенті Қ. Тоқаев жоғары әскери және арнайы атақтар, әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сыныптық шендер берді. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлер тобы ордендермен және медальдармен марапатталды.

  • 9 мамырда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
  • Дүйсенбіде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы мәселе қаралды.
  • Сонымен қатар өткен аптада ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша Үкіметтік жұмыс тобының өңірлерге сапарларының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова, білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов жауап берді.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз