Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119

10 ақпан 2019, 08:50
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 4–9 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Өткен аптаның маңызды оқиғаларының бірі Ақордада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы болды. Күн тәртібіне сәйкес отырыста Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

  • Сейсенбі күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Б. Сағынтаев ҚР Үкіметінің отырысын өткізді. Онда Елбасының 2019 жылғы 30 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселелері және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын іске асыру барысы қаралды.

  • 4 ақпанда Үкімет үйінде мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру мәселелері жөніндегі заңнамалардың таныстырылымы өтті.

  • Сәрсенбі күні Бақытжан Сағынтаев цифрландыруды одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Бейсенбі күні, 7 ақпанда, Үкімет үйінде еліміздің өңірлерінде біліктілік орталықтарын дамыту арқылы техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері жөнінде кеңес өтті.

  • Сол күні Бақытжан Сағынтаев China Glass компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Пен Шумен кездесу өткізді. Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

  • 8 ақпанда Үкімет үйінде Б. Сағынтаевтың төрағалығымен елімізде қоғамдық қауіпсіздікті және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде кеңес өтті.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз