Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №7

15 сәуір 2019, 15:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 8–13 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 10 сәуірде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер қаралды.

  • Сейсенбі күні, 9 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда «Бизнестің жол картасы–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бастамасын іске асыру аясындағы әлеуметтік жобалар қаралды.

  • 8 сәуірде Үкімет үйінде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобаларының таныстырылымы өтті.

  • Сәрсенбі күні, 10 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді. Онда жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижелері, АӨК пен азық-түлік өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды.

  • Сондай-ақ, өткен аптада ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында азаматтардың мұқтаж санаттарына, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев жауап берді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз