Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №8

22 сәуір 2019, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2019 жылғы 15-20 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 16 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті.  2019 жылғы қаңтар–наурыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты ілгерілету және Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру барысы қаралды.

  • Дүйсенбіде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңында Орталықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Еліміздің қаржы нарығын және биржа нарығының инфрақұрылымын дамыту, қаржы орталығының жұмысын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды.

  • Сәрсенбіде А. Мамин Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі  А. Данканмен кездесу өткізді. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.

  • 18 сәуірде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ірі қалалар маңын дамыту бойынша селекторлық кеңес өткізді. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым мәселелері талқыланды.

  • 19 сәуірде ҚР  Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен  «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

  • Дәл осы күні А. Мамин қамқорлықсыз қалған балаларды асырап алу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз