Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту шаралары баяндалды

28 шілде 2017, 15:30
Қарағанды облысы

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын «Нәтиже» Сүт фабрикасы» ЖШС-ін аралады, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту барысымен танысты.

Кәсіпорынның бас директоры Ерлан Әшім сүт фабрикасының ағымдағы қызметі және оның перспективалары туралы баяндады және қолданылатын технологиялар мен сүт өнімдерін өндіретін технологиялық желілер орналасқан өндірістік цехтің жабдықтары туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, жалпы өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту туралы баяндама ұсынылды.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, таяу бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісі және қайта өңдеу әртараптандырудың негізгі көзі және экономикалық өсімнің қозғаушы күші болуы тиіс. Осыған байланысты, АӨК дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қайта өңдеу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жүктеу үлесін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.  

Анықтама:

«Нәтиже» Сүт фабрикасы» ЖШС кәсіпорнының 2003 жылы негізі қаланған. Қазіргі уақытта фабрика тәулігіне шамамен 86 тонна шикізатты қайта өңдейді. Кәсіпорын өнімнің 30-дан астам түрін өндіреді, олардың ішінде сүт, қаймақ, сүзбе, май, ірімшік, йогурттар және түрлі сүтті сусындар бар. Компания Қарағанды облысына түгел, серіктес қалаларға және өңірдің барлық аудан орталықтарына қызмет көрсетеді. Бұдан өзге, компания Екібастұз, Павлодар және Астана нарықтарына шықты.