Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіне енгізілген заманауи технологиялармен танысты

20 шілде 2017, 11:25
Солтүстік Қазақстан облысы

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев солтүстік қазақстандық «Зенченко және К» көпбейінді аграрлық кәсіпорнының жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған.

Серіктестік директоры Г. Зенченко Бақытжан Сағынтаевқа ауыл шаруашылығында қолданылатын технологиялар мен шығарылатын өнімдердің түрлері туралы баяндады.

Ауыл шаруашылығы құрылымының жалпы егіндік алқабы- 26,6 мың га-ға жуық. Дәнді дақылдармен қатар майлы дақылдар, картоп және мал азығы дақылдары егіледі. Бұдан өзге, мұнда мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін өндірумен де айналысады.

Серіктестікте өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен кәсіпорынның өнімділігін ұлғайту шаралары жүзеге асырылған. Өндірістік үдерістер автоматтандырылған, алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілуде, қажетті минералды тыңайтқыштар мен сапалы тұқымдар қолданылады.

Ауыл халқы үшін, соның ішінде шаруашылықта еңбек ететіндер үшін «Зенченко және К» ТС спорттың әр түрімен айналысуға қажетті жабдықтары бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашқан.