Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Кәсіптік-техникалық даярлау жүйесі сапалы білім мен кадрлардың жұмысқа орналасу кепілдігін беруі тиіс – А. Мамин

Сейсенбі, 28 Мамыр 2019, 10:58:16

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін одан әрі дамытудың перспективалары қаралып, тәсілдері мақұлданды.

Қазақстанда 821 колледж бар, оның ішінде 479 – мемлекеттік, 342 – жекеменшік. Бүгінде колледждерде барлығы 488  мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде 199 мыңы - «Баршаға арналған ТжКБ» жобасы бойынша оқиды. Жұмысшы мамандықтары бойынша білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР білім және ғылым министрі К. Шәмшидинова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері баяндады.

Мәселені қарау барысында сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Г. Әбдіқалықова, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев, колледждерді сенімді басқаруда тәжірибесі бар  ЖОО-лар мен бизнес өкілдері баяндама жасады.

ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин техникалық кәсіптік білім беру жүйесінде сапалы білімді, сұранысқа ие мамандықтарды және жұмысқа орналасу кепілдігін алуға жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті. Бұл жаһандық еңбек нарығының өзгеруімен және экономика салалары үшін, оның ішінде жаппай цифрландыру үшін сапалы кадрлар даярлаудың әлемдік беталыстарының пайда болуымен байланысты.

Кадрларды даярлау заман талабына сай болуы қажет. Асқар Мамин кәсіптік-техникалық даярлау жүйесін жаңғыртуда барлық әлеуметтік-экономикалық факторларды, оның ішінде оқу мекемелерінің аумақтық қолжетімділігін, көпбейінділігі мен тиімділігін, түлектердің сұранысқа ие болуын ескеру керектігін атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі жобалық кеңсе құрып, колледждерді сенімгерлік басқаруға қызығушылық танытқан бизнес-қауымдастықпен және ЖОО-лармен әріптестіктің нақты механизмдерін әзірлеуді тапсырды. Отандық экономикамыздың ірі компания көшбасшылары өз сенімгерлік басқаруына шамамен 150 колледжді, университеттер - 50-ге жуық колледжді ала алады.  

ҚР Үкіметінің басшысы атап өткендей, дуальды оқытуды енгізу мен кеңейту бойынша жұмысты күшейту мақсатында кәсіпорындар колледж базасында орталықтар аша алады. Бұл колледждердің жұмысын жұмыс берушінің сұранысына жақындатып, түлектерге жұмысқа орналасуға кепілдік бола алады. Бұл бағытта табысты тәжірибелер бар, «Қазақмыс» корпорациясы Сәтпаев қаласындағы тау ісі технологиялық колледжінде, Балқаш қаласындағы политехникалық колледжінде осындай орталықтар ашты.

«Елбасының неғұрлым талап етілетін 100 кәсіп бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орындарын  жаңғырту және мамандар дайындаудың халықаралық тәжірибесін енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру қажет», - деп атап өтті А. Мамин. Бұл мақсатта осы жылдың соңына дейін кәсіптік стандарттарды әзірлеуді аяқтау, сондай-ақ кәсіби біліктілік процесін заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстарды енгізу тапсырылды.

ҚР Үкіметінің басшысы облыс әкімдіктерінің назарын WorldSkills халықаралық жобасына қатысу және жұмыстық құзыреттерін дамыту үшін өңірлерде осы қозғалысқа қатысу үшін барлық жағдайларды жасау қажеттігіне аударды. Қосымша тетік мектептен тыс ұйымдар бола алады, онда қазіргі талаптарды ескерумен мысалы, бағдарламалауда, мобильді қосымшалар мен өз жобаларын жасауда балалардың дағдылары қалыптастырылады.

Мәселені қорытындылаған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин кадрларға қажеттілікті болжамдау, колледждер мен білім беру бағдарламаларын жаңғырту, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды жетілдіру бойынша шараларды әзірлеуді тапсырды.

«Әрбір адам өзінің сұранысқа ие мамандық алғанына және кейін жұмысқа орналаса алатынына сенімді болуы керек», - деді А. Мамин.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қазан 2020, 16:07
Мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту және шығындарын оңтайландыру — энергетика саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылуда
28 Қазан 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.