Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Т. Дүйсенова денсаулық сақтау нысандары құрылысының мәселелерін белгіледі

27 қыркүйек 2016, 10:27

2016 жылы ҚР-да 88 млрд теңгеге жуық сомаға 98 денсаулық сақтау нысаныны салынады, деп мәлімдеді Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

«2016 жылы жалпы сомасы 88 млрд теңгенің 98 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүзеге асырылуда. Республикалық бюджет есебінен – 53 нысан, жергілікті бюджет есебінен - 45», - деді Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, 24 нысанның құрылысы аяқталды: бір аурухана, үш емхана, 20 ВА, ФАП, МП. 2016 жылдың соңына дейін 54 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған: үш аурухана, бес емхана, 44 ВА, ФАП, МП және басқа нысандар.