Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Павлодарда Өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды

29 желтоқсан 2012, 11:31

Павлодарда ең заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған 50 орындық Өңірлік кардиохирургиялық орталық ашылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Павлодар қаласында 50 орынлық Өңірлік кардиохирургиялық орталық іске қосылды, оның құрамында кардиохирургиялық бөлім, интервенциялық кардиология, аритмология және электрофизиология, реабилитации бөлімдері, бір ауысымда 50 қабылдау өткізуге арналған кеңес берушілік-емханалық бөлімше бар», - делінген ведомство хабарламасында.

Жылына 2,4 мың ота және рентгенваскулярлық араласуларды өткізуге есептелген ол Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының екі миллионға жуық тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мамандар Мәскеуде оқытылып, машықтанды, Беларусь және Израиль дәрігерлерінен тәжірибе алды. Енді облыста алғаш рет балалардың жүрегіне ота жасалатын болады. Орталықтың ашылуымен облыста 600 астам қосымша жұмыс орны құрылғанын да айта кету керек.

Мұндай орталықтар қазіргі таңда Ақтөбеде, Оңтүстік Қазақстан облысында, Алматыда, Шығыс Қазақстанда, Талдықорғанда, Семейде және Петропавлда бар.

Айта кету керек, кардиохирургиялық орталықтар желісі «Саламаты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында құрылуда.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңда елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімдер 19% төмендеп отыр, оған қоса соңғы 3 жылда жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына шалдыққандарға жоғары технологиялық көмек көрсету көрсеткіші де қарқынды өсіп келеді, атап айтқанда: коронарографиялық зерттеулердің саны - 2 есеге, коронорлық артерияларға стент орнату операциялары - 4,5 есеге, туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауларына жасалған операциялар саны – 2 есеге, аорто-коронарлық шунттау операциясы – 3 есеге, аритмологиялық араласу саны -2,8 есеге өскен.

.