Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысы 20%-ға ұлғайтылатын болады — Е. Біртанов

04 қыркүйек 2018, 13:49
Астана
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасын жетілдіру жөнінде қабылданып жатқан шаралар мәселесі қаралды. АМСК медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігінің маңызды құраушысы — алғашқы медициналық көмек қызметкерлерінің еңбекақы көлемі болып табылады.

Сондай-ақ, министрдің баяндамасында бір учаскелік алғашқы медициналық көмек дәрігерінің ай сайынғы шығыстары 1,89 млн теңгені құрайтыны, соның ішінде еңбек ақы төлеу қорына шамамен 60% бағытталатыны туралы айтылған. Бұл ретте, еңбекақы төлеу қорының жалпы көлемінен тек 24%-ды алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері мен мейіргерлерінің жалақысын және 12% бейінді дәрігерлердің жалақысын құрайды. Тиісінше, алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің орташа жалақысы шамамен 150 000 теңгені құрайды. Бейінді дәрігердің жалақысы 40 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін құрайды, бұл еліміздегі жалақының төмен деңгейіне сәйкес екендігін атап өту қажет. 

Брифинг барысында Е. Біртанов аталған мәселені шешу үшін консультациялық-диагностикалық қызметтерге тарифтерді біртіндеп арттыру көзделгенін атап өтті. Бұл 2020 жылға қарай алғашқы медициналық көмек қызметкерлерінің еңбекақысын шамамен 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

«2019 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрігерлердің қызметтеріне тарифтерді кезең-кезеңмен көбейту арқылы жалпы практика дәрігерлеріне, бейінді мамандарға істелген жұмысына сай ақы төленетін болады. Бұл АМСК дәрігерлерінің жалақыларының деңгейін 20%-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді», — деді министр.

Бұдан өзге, ол Денсаулық сақтау министрлігі келер жылдан бастап сапалы нәтижелерге қол жеткізгені үшін қосымша берілетін ақыны кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Ауруларды емдеу бағдарламасына көшетін, негізгі аурулардың асқынуын төмендетуге қол жеткізетін жалпы практика дәрігерлері мен мейіргерлер қосымша ақы алатын болады», — деді Е. Біртанов.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз

Алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысы 20%-ға ұлғайтылатын болады — Е. Біртанов
1/5
Алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысы 20%-ға ұлғайтылатын болады — Е. Біртанов
2/5
Алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысы 20%-ға ұлғайтылатын болады — Е. Біртанов
3/5
Алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысы 20%-ға ұлғайтылатын болады — Е. Біртанов
4/5
Алғашқы медициналық көмек мамандарының жалақысы 20%-ға ұлғайтылатын болады — Е. Біртанов
5/5