• Ғани Сәдібеков Президент Жолдауының 2-бағыты аясында еліміздің ресурстық әлеуетін одан әрі дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

• Вице-министр биыл жалпы қуаты 123 МВт болатын 10 ЖЭК объектісін іске қосу жоспарда бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ЖЭК-ты одан әрі дамытуды аукциондық тетікке көшкен соң бастау көзделген.

• Сондай-ақ, Ғани Сәдібеков «жасыл» технологияларды пайдалануда бизнесті ынталандыру мәселесіне айрықша мән беріліп отырғанын айтты. Бұған «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі ерекше серпін берді.

• Олжас Әлібеков энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Энергия тиімділігі картасы жасалды. Бұдан өзге, бүгінде ірі энергия сервистік компаниялармен 50-ден астам меморандумға қол қойылды. 

• Николай Радостовец Экологиялық кодексті жаңарту мәселесіне қатысты пікірімен бөлісті, сондай-ақ, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әкімдіктермен өзара іс-қимыл жүйесінің өзекті мәселелерін қозғады.