— Отырыс барысында техникалық реттеуді жетілдіру, ШОБ-ті қолдау шаралары, денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу барысы қаралды.

— Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек техникалық реттеу жүйесін жетілдіру туралы баяндады. Аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов баяндады, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин түсініктеме беріп өтті.

— Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов елімізде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады.

— Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ұйымдардағы корпоративтік басқару және менеджментті дамыту шараларын іске асыру туралы баяндады.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғаловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

—  Қайырбек Өскенбаев нарықтың барлық процестерін автоматтандыру мен ықпалдастыруды қамтамасыз ететін «Е-ТРМК» бірыңғай ақпараттық жүйесін құру бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берді.

— Ғалымжан Дұғалов Қазақстанда халал-стандарттар енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.