— Отырыс барысында 2018–2022 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау, 2016–2019 жылдарға арналған ҚР білім беруді мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, 2018 жылғы І тоқсандағы инфляция деңгейі қаралды.

— Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2018 жылға арналған негізгі макро көрсеткіштер мен бюджет параметрлері туралы баяндама жасады.

— 2017 жылы Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы баяндады.

— Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысы туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

— 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы инфляция деңгейі туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов баяндады.

— Сондай-ақ, Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны мәселесі қозғалды.

— Шығыс Қазақстан облысындағы қазіргі жағдай, қабылданған шаралар мен зардап шеккендерге көрсетіліп жатқан көмек, соның ішінде уақытша қоныстандыру орындарында медициналық және басқа да тұрғын үй–тұрмыстық қолдау шараларын ұсыну жөнінде ішкі істер министрі Қ. Қасымов баяндады.

— Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі су тасқынының жай-күйі туралы баяндады.

— ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ол ҚР білім және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

— Асхат Аймағамбетов 2017 жылы педагогикалық мамандықтарға инклюзивті білім берудің жаңа пәні енгізілгенін айтты.
— Сондай-ақ, ол балаларды балабақшаға қабылдау кезегін автоматтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.