— 2018 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, IV деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу барысы, 2017/2018 жылғы жылу беру маусымының өту қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. 

— Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Б. Сұлтанов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары О. Смоляков 2018 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы баяндады.

— Төртінші деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу барысы туралы  ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндады. Сондай-ақ, отырыс барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақаловтың, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың баяндамалары тыңдалды.

— 2017–2018 жылғы жылу беру маусымының өту қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады. Өңірлерде жылыту маусымына дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин, Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев баяндады.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов пен Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті төрағасының орынбасары Айгүл Байғожинаның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

— Спикерлер төртінші деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізудің мақсаты мен артықшылықтары туралы айтып берді.