— Отырыс барысында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың І жарты жылдығындағы іске асырылу қорытындысы, жекешелендіруді жүргізу барысы, «Ақылды қалаларды» іске асыру мәселелері қаралды.

— Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың І жарты жылдығындағы іске асырылу барысы туралы баяндады.

— Денсаулық сақтау министрінің және бірқатар өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жаңғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

— ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А. Айдарбаев, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ төрағасы А. Әріпханов, «ҚазАгро» ҰБХ басқарма төрағасы Р. Құрманов жекешелендіру жүргізу барысы туралы баяндады

— Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов «ақылды қалаларды» іске асыру мәселелері жөнінде сөз сөйледі

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы Е. Бахмутованың қатысуымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) көшуге дайындық туралы баспасөз конференциясы өтті.  

— Елжан Біртанов кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі тізімін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін құру туралы айтып берді.

— Елена Бахмутова жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салған аударымдары мен жарналарының 01.07.2017ж. – 01.07.2018 ж. аралығындағы жалпы сомасын хабарлады.