— Отырыс барысында 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы, сондай-ақ 2018 жылдың І жарты жылдығындағы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды.

— Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2018 ж. І жарты жылдығының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрағанын мәлімдеді. Жалпы экономиканың өсімі инфляциялық процестердің жалғасып келе жатқан бәсеңдеуі және жоғары инвестициялық белсенділік нәтижесінде болып отыр.

— Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өз баяндамасында бюджет деңгейіндегі кірістер өсімін атап өтті.

— 2018 ж. алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады. Оның айтуынша, 2018 жылдың бірінші жартысында отын-энергетика саласының негізгі көрсеткіштері бойынша оң қарқын байқалады.

— Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев осы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнім көлемі туралы баяндады

— Сондай-ақ, бірінші сұрақ бойынша Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен бірқатар өңірлердің әкімдері сөз сөйледі. 

— Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова баяндады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— Нұржан Әлтаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін заңдастыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» жаңа заң жобасының жаңалықтары мен бірыңғай жинынтық төлем енгізудің қажеттілігі туралы және еңбек нарығындағы кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде қабылданған шаралар жөнінде айтып берді.