— Отырыс барысында егін жинау барысы, ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың алты айында іске асырылуы, жылыту маусымына дайындық барысы, жаңа 2018/19 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері қаралды.

— Күн тәртібінен тыс өзекті мәселе — Астанада болған жауын-шашын салдары қаралды. Әкімдіктің осындай жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған шаралары туралы бейне конференция байланысы арқылы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев баяндады. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

— Еліміздегі егін жинау жұмыстары жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев баяндады. Егін жинау жұмыстарына ЖЖМ уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.

— Биылғы алты айда ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.

— Энергетика министрі Қ. Бозымбаев пен инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

— 2018/19 оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады.  

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен жаңа 2018/19 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтті.

— Білім және ғылым вице-министрі апатты және үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді.

— Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, елімізде бүгінде оқулықтарды жеткізу бойынша белсенді науқан жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігінде мұғалімдер толтыруы тиісті бес құжаттың анықталғанын атап өтті.