— Отырыс барысында 2018 ж. егін жинау жұмысының барысы, жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамту бойынша жол картасы, Астана қаласының 2019–2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспары қаралды. 

— Жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамту жөніндегі жол картасының жобасы (NEET) туралы қоғамдық даму министрі Д. Кәлетаев баяндады. Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша білім және ғылым министрі Е. Сағадиев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова баяндады.  

— Астана қаласының 2019–2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспары туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов баяндады. Сонымен қатар, осы тақырып бойынша инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасады. 

— ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев 2018 ж. егін жинау жұмыстары туралы баяндады. Бұдан өзге, энергетика министрінің орынбасары М. Досмұхамбетов сөз сөйледі. 

— Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

— Арман Евниев Қазақстандағы қант тапшылығы туралы жүрген қауесетке қатысты түсініктеме берді.

— Бұдан өзге, вице-министр егін жинау науқаны қашан аяқталатыны туралы және астық сапасы туралы айтып берді