— Отырыс барысында жергілікті полиция қызметінің жұмысы, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мен оны өзектендіру барысы, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мәселелері қаралды. 

— Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар мен жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов баяндады.

— Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуы туралы баяндап, қолданыстағы үкіметтік бағдарламаны мақсатты көрсеткіштері мен міндеттерін өзектендіру арқылы мемлекеттік бағдарлама етіп қайта құру жолдары туралы айтып берді. 

— Агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологияларды қолдану туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев баяндады.

— Отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.  

— Қалмұханбет Қасымов жергілікті полиция жұмысындағы полиция қызметі мен әкімнің рөлін біріктіру туралы айтып берді.

— Сонымен қатар, ол ұялы телефондар ұрлығының жолын кесуге бағытталған Қазақстандағы жаңа бағдарлама туралы айтты.