— Отырыс барысында инвестициялар тарту мәселелері, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, көлік пен логистиканы цифрландыру мәселелері қаралды. 

— Инвестициялық ахуалды жақсарту және Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы С. Тұяқбаев баяндады.

— Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, бірқатар облыстардың әкімдері, сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар мен ұсынылған шаралар туралы баяндады.

— Көлік пен логистиканы цифрландыру туралы инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек баяндады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев өз кезегінде цифрландыру компанияның барлық басты бағыттарын: теміржол инфрақұрылымын, жүк, мультимодальді және жолаушылар тасымалын қамтитынын айтты.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— Ж. Қасымбек мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімдерін жасау және оны іске асыру рәсімі туралы айтып берді.