— Отырыста 2018 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары, геология саласы мен жер қойнауын пайдалануды дамыту, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру шаралары қаралды.

— Үкімет отырысының жұмысы Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берген тапсырмаларын орындау барысына қатысты мәселені қарастырудан басталды. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев және ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасады. 

— Мәселені қарау қортындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

— 2018 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындыларымен ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, қаржы министрі Ә. Смайылов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев таныстырды

— Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және энергетика министрі Қ. Бозымбаев геологиялық барлауды дамытудың болашағы мен қазіргі жағдайы туралы баяндап берді.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— Тимур Сүлейменов тұтынушыларға коммуналдық қызметтер бойынша артық төленген қаражатты өтеу мәселесін түсіндіріп өтті.

— Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне жылу тарифі қалай қалыптасатыны туралы айтып берді.

— Бұған қоса, 2018 жылғы 12 қарашадан бастап Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде Қоғамдық қабылдаулар жұмыс істей бастағанын мәлімдеді.