— Отырыста жылу беру маусымының өту барысы, тарифтер мен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын төмендету жөніндегі шаралар қаралды. 

—  Үкімет отырысы жылу беру маусымының өтуі мәселесін қараудан басталды. Энергетика министрі Қ. Бозымбаев пен инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек жағдай туралы баяндады.

—  Мемлекет басшысының тарифтер мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды төмендету туралы 07.11.2018 жылғы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов баяндады

— Сондай-ақ, 2028 жылға дейін суармалы жерлерді дамыту жоспары қаралды. Жоспар жобасын ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев таныстырды.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.