— Отырыста өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі және коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету шаралары қаралды.

— Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыру мәселелері туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек баяндама жасады.  

— Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

— Өңдеу секторында еңбек өнімділігін арттыру мәселесін қарау барысында энергетика вице-министрі Б. Ақшолақов мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы саласында өнімдер өндірісі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

— Коммуналдық қызметтер тарифтерін төмендету мәселесі қаралды. Қабылданып жатқан шаралар туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Роман Склярдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.