— Отырыста «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және қарапайым заттар экономикасы мәселелері қаралды.

— «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр баяндады.

— Қарапайым заттар экономикасын дамыту туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, ндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр және Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Е. Бахмутова баяндады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың, ҚР ИИДМ Автокөлік жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтың, сондай-ақ «ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Ахметовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

—  Төрт ақылы жол қазіргі қарқын сақталған жағдайда жылына 5,4 млрд тг жуық кіріс әкелуі мүмкін екенін индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді.

— «Қарапайым заттар экономикасының» несиелендіру бағдарламасы аясында өңдеу өнеркәсібі саласында 250 тауар атауын қолдауға 400 млрд тг қарастырылғанын «ҚИДИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Ахметов мәлімдеді.