— Отырыста Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын іске асыру барысы қаралды.

— Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртібінің мәселелерін қарастырар алдында өрт кезінде қаза тапқан бес баланың ата-анасы мен туған-туыстарының қайғы-қасіретіне ортақтасып, көңіл айтты.  

— Президенті Н. Назарбаевтың биыл 30 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша ұсынылатын шаралар туралы алға қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы Премьер-Министрдің орынбасары — ауыл шаруалышығы министрі Ө. Шөкеев, Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі Ә. Смайылов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек, ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, сондай-ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Жақыпова мен денсаулық сақтау вице-министрі А. Цой баяндады.

— Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын іске асыру барысы туралы денсаулық сақтау вице-министрі А. Цой баяндады

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.