— Отырыста «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын және «7–20–25» бағдарламасын іске асыру барысы, сондай-ақ еңбек қарым-қатынасын реттеу шаралары қаралды. 

— Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVІІІ съезінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына арендалық және несиелік тұрғын үй салу қарқыны туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр баяндады.

— Еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі шаралар туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Склярдың, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетовтың және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Л. Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

— «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова жекеменшік тұрғын үй сатып алудың белгілері мен шарттары туралы айтып берді.

— Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр көп балалы отбасылар қашан, қалай және қандай шарттармен баспана ала алатыны туралы айтып берді.