— Отырыста 2019 жылғы қаңтар–наурыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары, сондай-ақ, шикізаттық емес экспортты ілгерілету және Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру барысы қаралды.

— ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов пен Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев 2019 жылғы І тоқсандағы экономика дамуы туралы баяндады. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов 2019 жылғы І тоқсандағы мемлекеттік бюджетттің атқарылуы туралы айтып берді. 

— Шикізаттық емес экспортты ілгерілету және Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру барысы туралы ҚР  ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ төрағасы А. Әріпханов баяндады. Сыртқы істер министрі Б. Атамқұлов сыртқы нарықтарда экспорт өнімдерін ілгерілету туралы мәлімет берді. 

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бірқатар тапсырма берді.