ҚР Үкіметінің отырысы, 17.09.2019

17 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі және басқа да рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту, сондай-ақ, Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба мәселелері қаралды.

— Бизнес ахуалды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, құрылысқа рұқсат алу және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту тәртібін жеңілдету туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, білім беру саласындағы халықаралық көрсеткіштерді жақсарту туралы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, саудадағы индикаторларды арттыру шаралары туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі А. Асқарұлы баяндады.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған пилоттық жоба бойынша тапсырмаларын іске асыру тетігін әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Р. Құрманов, сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаев баяндады

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу